Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет113/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   178
Облыс
Климат
Орташа 
жылдық 
жауын-
шашын 
мөлшері, 
мм
Топырақтың 
негізгі түрі
Өсімдік 
шаруашы-
лығындағы 
өндірістің 
негізгі бағыт-
тары
Солтүстік облыстар
Солтүстік 
Қазақстан
Қысы ұзаққа 
созылатын 
континен-
тальды
300–350
Қара топырақ
Дәнді дақылдар, 
майлы дақыл-
дар, картоп
Қостанай
Континен-
тальды
250–300
Қара топырақ
Дәнді дақылдар, 
картоп
Ақмола
Күрт конти-
нентальды, 
құрғақшы-
лыққа бейім
265
Негізінен қара 
топырақ
Дәнді дақылдар, 
күнбағыс
Павлодар
Континен-
тальды
220–300
Қара топырақ
Дәнді дақылдар, 
майлы дақыл-
дар, картоп
Шығыс және орталық облыстар
Шығыс 
Қазақстан
Континен-
тальды
Жазықтар: 
150
Таулар: 
1 000–1 500
Қара топырақ, 
қоңыр топы-
рақ
Көкөністер, кар-
топ, күнбағыс, 
астық
Қарағанды
Континен-
тальды
150–400
Қара топырақ, 
қоңыр топы-
рақ
Дәнді дақылдар, 
майлы дақыл-
дар, картоп
Оңтүстік облыстар
Алматы
Континен-
тальды
Жазықтар: 
350
Таулар: 500–
700
Қоңыр топы-
рақ
Картоп, 
көкөністер, 
күнбағыс, 
жемшөп
1
 Кестеде жабық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көрсетілмеген.


199
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары және даму перспективалары
Облыс
Климат
Орташа 
жылдық 
жауын-
шашын 
мөлшері, 
мм
Топырақтың 
негізгі түрі
Өсімдік 
шаруашы-
лығындағы 
өндірістің 
негізгі бағыт-
тары
Жамбыл
Континен-
тальды
150–320
Сұр шөл топы-
рақ,
қоңыр топы-
рақ
Картоп, 
көкөністер, 
астық
Оңтүстік 
Қазақстан
Қысы жылы 
континен-
тальды
Жазықтар: 
150
Таулар: 800 
дейін
Сұр шөл топы-
рақ,
қыраттарда 
қоңыр топы-
рақ
Дәнді дақыл-
дар, мақта, 
көкөністер, кар-
топ, күнбағыс
Қызылорда
Континен-
тальды,
Қуаңшылық
150–200
Қоңыр топы-
рақ, сұр 
шөлейтті 
топырақ,
құмдауыт 
топырақ
Картоп, 
көкөністер, 
күріш, жүгері
Батыс облыстар
Ақтөбе
Күрт конти-
нентальды, 
құрғақшы-
лыққа бейім
240–250
Қоңыр топы-
рақ, шөлейтті 
топырақ
Дәнді дақылдар, 
күнбағыс
Атырау
Континен-
тальды,
Құрғақ
100–200
Шөлейтті 
топырақ,
даланың 
қоңыр топы-
рағы
Өсімдік 
шаруашы-
лығы (көкөніс 
өнімдерін 
негізінен 
жабық жерде 
өсіру)
Батыс 
Қазақстан
Күрт конти-
нентальды
200–330
Қоңыр топы-
рақ, сортаң
Дәнді дақылдар, 
майлы дақыл-
дар
Маңғыстау
Континен-
тальды,
Қуаңшылық
100–150
Даланың 
қоңыр топы-
рағы
Дәнді дақылдар
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, 
2018 ж.


200
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстандағы +40 °C до –40 °C температураға дейін баратын жазы ыстық 
және қысы аязды континентальды климатының басым болуына, сондай-ақ 
орташа жылдық жауын-шашынның 150-ден 320 мм-ге дейін болуына бай-
ланысты, дәнді дақылдарды экстенсивті егу және ауыл шаруашылығы 
жануарларын ұстаудың экстенсивті түрлері, негізінен жайылымдар көп 
пайдаланылады (2 және 3-суреттерді қараңыз).
2‑сурет. Қазақстан өңірлері бойынша айналысатын шаруашылық 
картасы
ТАБИҒИ-АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ
АУДАНДАСТЫРУ
 етті-майлы қой,
 қаракөл шаруашылығы
 етті-майлы қой,
 қаракөл шаруашылығы
 етті-майлы,
 қаракөл шаруашылығы
 етті-майлы,
 қаракөл шаруашылығы
суғармалы жерлер
суғармалы жерлер
    суғармалы     
    суғармалы     
жартылай
биязы жүнді
жартылай
биязы жүнді
биязы және 
жартылай биязы 
биязы және 
жартылай биязы 
      етті-майлы      
      етті-майлы      
        етті-майлы        
        етті-майлы        
етті-майлы,
қаракөл шаруашылығы
етті-майлы,
қаракөл шаруашылығы
        етті-жүнді        
        етті-жүнді        
Ауыл шаруашылығының бағыттары:
Астық
шаруашылығы 
Етті-сүтті
мал өсіру
Қой өсіру
Жылқы
шаруашылығы
Үйірлі жылқы
шаруашылығы
Шошқа өсіру
Түйе өсіру
Егіншілік
Бақша
шаруашылығы
Күріш
шаруашылығы
Мақта
шаруашылығы
Алма бақтары
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, 2017 ж.


201
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары және даму перспективалары
3‑сурет. Қазақстан өңірлеріндегі ауыл шаруашылық өндірісі
 
 
 
13-15%
9-11%
5-7%
0-5%
Ақтөбе
Маңғыстау
Солтүстік
Қазақстан
Солтүстік
Қазақстан
Батыс
Қазақстан
Атырау
Қызылорда
Оңтүстік
Қазақстан
Оңтүстік
Қазақстан
Павлодар
Ақмола
Қарағанды
Қостанай
Алматы
Шығыс
Қазақстан
Жамбыл
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі облыстарының
жалпы үлесі
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, 2017 ж.
Қазақстанның негізгі астық дақылдарын себу өңірлері болып табыла-
тын солтүстік өңірлерде тәлімі егін шаруашылығы да қолданылады және 
жауын-шашын мөлшері егін шығымының деңгейіне әсер ететін негізгі 
факторлардың бірі болып табылады. Оңтүстік өңірлерде егіншілік суаруға 
негізделген. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде көкөніс, 
бақша көкөнісі, жеміс-жидек дақылдарының, сондай-ақ жұмсақ бидай 
сұрыптарының өндірісі шоғырланған. Мақта мен күріш тек оңтүстіктегі екі 
өңірде (Түркістан және Қызылорда) өсіріледі. Майлы дақылдар солтүстік 
және оңтүстік өңірлерде де өсіріледі.
Аграрлық саясат
Қазақстанның аграрлық саясатының басты мақсаты – ішкі нарықтың 
жоғары сапалы азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз ету 
мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісінің ауқымын арттыру. Бұған 
қоса, қолданыстағы импортты алмастырумен бірге, экспортты арттыру 
бойынша күш-жігер жұмсалуда. Бұл ретте астықты шикізат ретінде өсіру 
ғана емес, өңделген өнімдердің экспорты туралы, сондай-ақ жоғары 
премиум-класс сапалы сиыр еті туралы да айтылады. Осы өндірістік 


202
Қазақстан экономикасының трансформациясы
мақсаттармен қатар ауылдық жерлерді дамытудың әлеуметтік-экономи-
калық аспектілері ескеріледі.
Бұл мақсаттар мен міндеттер 2013 жылы қабылданған «Агробизнес – 
2020» бағдарламасында бекітілді. 2016 жылдың соңында бағдарламаға 
бірқатар өзгерістер енгізілді, оның ішінде мемлекеттік қолдаудың түрлері 
мен тетіктері қайта қаралды.
Қажетті құқықтық және нормативтік талаптарды (заңдар, қағидалар, техни-
калық регламенттер) әзірлеумен қатар, бірінші кезекте мемлекеттік субси-
дияларды қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Дегенмен, Қазақстанда 
аграрлық саясатты жүзеге асыру мұнымен шектелмейді. Қазақстан ресми 
түрде нарықтық экономиканың қағидаттарын қолдап, осыған байланысты 
ілгерілеушілікті көрсеткеніне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді 
қолдау үшін ірі шаралар жасалуда. Аграрлық саясатты жүзеге асыру үшін 
100% мемлекеттің қатысуымен мекемелердің, институттардың және ком-
мерциялық емес акционерлік қоғамдардың кең желісі құрылды. Ең маңызды 
мекеме – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, оған жеті еншілес ұйым кіреді, сондай-ақ жалпы 
құрамында 23 ғылыми-зерттеу институты бар Ұлттық аграрлық ғылыми-
зерттеу орталығы, үш аграрлық университет пен эксперименталды және 
шаруашылық ғылыми-зерттеу институттарының өңірлік филиалдары кіреді. 
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата-
сының Ауыл шаруашылығы басқармасына аграрлық саясатты іске асыруға 
бағытталған міндеттерді орындауға қосымша тапсырмалар берді.
Аграрлық саясат мәселелері бірінші кезекте Қазақстан Республикасының 
2015 жылы қабылданған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 
Заңымен және «Органикалық өнімдерді өндіру туралы» Заңымен ретте-
леді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы қарашада Жер 
кодексіне енгізілген түзетулерге жариялаған мораториі аграрлық саясат-
тың осы маңызды аспектісін басты назарға қойды.
Жер кодексі
Кейінгі 25 жылда жер реформасы мәселесі бірнеше рет көтерілді. Деген-
мен, осындай маңызды мәселеге қанағаттанарлық шешім табу мүмкін емес 
еді. 90-жылдардың бас кезінде жерді 99 жылға пайдалану құқығы заңна-
малық деңгейде бекітілді, бұл іс жүзінде ұзақ мерзімді жалдау құқығына 


203
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары және даму перспективалары
сәйкес келеді. Кейінірек бұл шарт қайта қаралды, жалға беру мерзімі 49 
жылға дейін қысқарды. Жерді пайдалану (жалдау) құқығына, әдетте, ұжым-
дық шаруашылықтардың бұрынғы қызметкерлері ие болды. Жер әлі де 
мемлекетке тиесілі болатын. Жалдау ақысы (нақтылай айтар болсақ, жер 
салығының бір түрі) әрқашан өте төмен еді, жылына €2 құрады. Мұндай 
төмен баға ұжымдық шаруа қожалықтарын реформалаудың бастапқы 
кезеңінде көптеген адамдардың жерді сатып алуы үшін қажетті қаржы-
лық қаражаты болмағандықтан еді. Жалпы экономикалық ахуалға бай-
ланысты инвесторлар да қызығушылық танытпады. Жер кодексіне 2016 
жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін түзетулер енгізілгенге дейін 
ауыл шаруашылық жерлерінің 98,8%-ы мемлекетке тиесілі болды және 49 
жыл мерзімге фермерлерге жалға берілді. Аудандардың тек 1,2%-ы ғана 
жеке меншікте болды. Бұл жағдайлар жерді иелену саласында іс жүзінде 
нарықтық экономиканың ешқандай қағидаты болмағандықтан, жер эко-
номикалық фактор ретіндегі маңыздылығын барынша жоғалтты. Соны-
мен қатар, 2003 жылы жасалған өзгерістер, соның ішінде жер телімдерін 
жеке меншікке сатып алуға берілген мүмкіндік те жағдайға ешқандай әсер 
етпеді, өйткені жерді сатып алу өте төмен мөлшердегі жалдау ақысының 
болуына байланысты тартымды және экономикалық тұрғыдан тиімді 
болмады. Түзетулер енгізу барысында жер телімдерін сатып алу бұрынғы 
жалға алушылар үшін тартымды әрі қолжетімді болуға тиіс еді, бірақ олар-
дың бұрынғыдай қаражаты жоқ еді. Бұдан басқа, банктерден несие алу 
кезінде бірқатар бюрократиялық кедергілерді алып тастау және кепілдік 
ретінде жерді иелену мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет болды. Оның 
мақсаты бұрын пайдаланылмаған жерлерді беру және сол арқылы ауыл 
шаруашылығы өндірісінің деңгейін арттыру болатын.
Мораторий жариялаудың негізгі себептері Жер кодексіне енгізілген 
өзгерістер еді, бұл өзгерістер бойынша шетел азаматтарына және шетелдік 
азаматтардың қатысуы бар ұйымдарға 25 жыл мерзімге ауыл шаруа-
шылық жерлерін алуға мүмкіндік берілді, бұған дейін жалдау мерзімі он 
жылға дейін шектелген еді.
Жерді пайдаланғаны (жалға алғаны) үшін салық мөлшерлемелерін арттыру, 
шетелдіктерге сатып алу мүмкіндіктерін және/немесе жерді ұзақ мерзімді 
жалға беру туралы мәселелер Президенттің мораторий жариялауына 
негіз болды. Мораторий жарияланғанға дейін елде жерді шетелдіктерге 


204
Қазақстан экономикасының трансформациясы
сатуға және жермен ықтимал алыпсатарлыққа байланысты алаңдаушы-
лықтар туындап, Қазақстанға тән емес наразылықтар толқыны болып өтті.
Кейінірек, 2016 жылдың тамызында келесі бес жылда мораторийді сақтауды 
және осы кезеңде жер мәселесі бойынша жаңа сенімді шешім әзірлеуді 
ұсынған комиссия құрылды. Осы уақытқа дейін 2015 жылы қолданыста 
болған құқықтық реттеу мәртебесі (Қазақстан Республикасының жеке 
және заңды тұлғаларына 49 жыл жалға беру) сақталды. Осымен қатар, 
бұрын жалға берілмеген жер учаскелерін пайдалану үшін және жерді 
пайдаланудың барынша шегін әзірлеу үшін мониторинг жүйесін енгізу 
қажет болды. Шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар үшін жалға алудың ең 
көп мерзімі – он жылды құрайды.
Субсидиялар
1992 жылдан бастап ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған көпте-
ген мемлекеттік шаралар енгізілді, бүгінгі күні оларға шолу жасау өте 
күрделі. Алдымен өндіріс құралдарының бағасын тұрақтандыру және 
салықтық жеңілдіктер (соның ішінде қосымша құн салығынан босатуды қоса 
алғанда) бағдарламалары болды. Кейінірек жерді субсидиялау (3-салыстыр-
малы кесте), мал шаруашылығын дамытуға арналған жәрдемақы (4-кесте), 
тауар субсидиялары (5-кесте) және лизингтік жүйе түріндегі инвестиция-
лық жәрдемақылар және төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша несие 
беру қосылды. Тікелей инвестициялық төлемдер де жүзеге асырылды.
3‑кесте. Гектар үшін теңгемен алғанда жер субсидиялары, 2015 ж. 
(€1 курсы = 270 теңге, 30.08.2015 ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет