Конрад Аденауэр атындағы Қор


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының



Pdf көрінісі
бет46/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   178
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының 
статистикасы
Сыбайлас жемқорлықтың жоғары дәрежесі мен кең таралуы, сондай-ақ 
Қазақстанда жемқорлық құқық бұзушылықтардың жыл сайынғы өсу үрдісі 
құқықтық статистика мен жемқорлыққа қарсы агенттіктің деректерін тал-
дау негізінде жүргізілуі мүмкін.
Мәселен, 2001 жылдан 2017 жылға дейін МҚІСЖҚА ақпараты бойынша, 
10 931 лауазымды тұлға, соның ішінде бұрынғы екі бұрынғы премьер- 
министр, 9 министр, төрағалар мен ведомстволар төрағаларының орын-
басарлары, облыстар мен қалалардың 
 
15 әкімі, сегіз ұлттық компаниялар-
дың басшылары, генералитет пен күштік бөлімшенің сегіз өкілі сыбайлас 
жемқорлық үшін жауапқа тартылған.
2007–2013 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 11 261 сыбай-
лас жемқорлық қылмысы анықталды. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің 
жыл сайынғы өсу үрдісі анық байқалды: егер 2007 жылы осындай қыл-
мыстардың саны 1 330 болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл 
көрсеткіш 1847 болды, яғни, 39%-ға өсті. Сыбайлас жемқорлық қылмы-
сын жасаған шенеуніктер 2007 жылы екі есе көп, яғни олардың саны 633 
болған болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш – 1 121 болды
14
.
14
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. // Қазақстан 


91
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары
Бұл үрдіс 2014–2016 жылдары жалғасты.
2017 жылы жағдайдың жақсаруы байқалады. 2017 жылдың аяғында 
Қазақстанда 2 473 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2016 жылға 
қарағанда 18%-ға аз (2016 жылы – 2 933), оның 74,2%, яғни 1 835 сыбай-
лас жемқорлық фактілері құрайды. Тіркелген қылмыстардың көпшілігі 
парақорлық – 40% (988), ұрлық – 33% (808) және қызметтік өкілеттілігін 
асыра пайдалану – 11% (261) болып табылады)
15
.
Қылмыстық істердің жалпы санының 87% тергеу аяқталды, ал 2016 жылы 
бұл көрсеткіш 79% құрады. Сонымен бірге, сотқа жіберілгендердің саны 
27%-дан 38%-ға дейін өсті. Сыбайлас жемқорлықпен айналысқан 1 146 
адамның 828 адам сотқа берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 13% артық
16
.
2017 жылы 19 орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомство-
лық бағыныстағы ұйымдарының басшылары, 98 аймақтық және 152 қала-
лық және аудандық билік органдарында осындай қылмыс әшкереленді
17
.
МҚІСЖҚА ақпараты бойынша, сыбайлас жемқорлық істерінің барынша 
көп деңгейін барлық деңгейдегі әкімдіктердің қызметкерлері, ішкі істер 
органдарының қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор қызметкер-
лері жүзеге асырады. Сонымен қатар, жемқорлықтың жоғары тәуекелдері 
аудандарында білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық 
сақтау салаларында да жалғасуда.
МҚІСЖҚА ақпараты бойынша, квазимемлекеттік секторда сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады, бұл 2017 жылы 
2016 жылмен салыстырғанда бір жарым есе артты. Осы салада тіркелген 
барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 
 
55%-ы мемлекеттік сатып 
алу саласында, яғни мемлекеттік сатып алу көлемінен үш-бес есе жоғары 
сатып алу шеңберінде жасалды.
Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 01-38.8 
бұйрығына қосымша, Астана, 2015 ж.
15
 http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/informaciya-antikorrupcionnoy-sluzhby-o-vyyavlennyh-
korrupcionnyh-prestupleniyah-za-12
16
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық есеп. Дереккөз: http://kyzmet.gov.
kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_rus-compressed.pdf
17
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық есеп. Дереккөз: http://kyzmet.gov.
kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_rus-compressed.pdf


92
Қазақстан экономикасының трансформациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет