Конрад Аденауэр атындағы Қор


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ



Pdf көрінісі
бет43/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 
САЯСАТ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Бауыржан Уақпаев
Кейінгі жылдары әлемдік кеңістік, бұрын- соңды болмаған экономикалық және 
саяси процестердің жаһандануына ұшырады, ел мен аймақтық бәсекелестік 
күшейе түсті. Мұндай жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді мем-
лекеттік саясатты жүйелі түрде құру мүмкін емес. Бұл саяси режимнің, мем-
лекеттік басқарудың тұрақтылығын, бизнес- ортаны жақсартудың және аза-
маттардың өмір сүру сапасын арттырудың, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін 
жоғарылатудың көбінесе айқындаушы факторы болып табылады.
Әлемнің қазіргі заманғы тарихында саяси элитаның сыбайлас жемқор-
лыққа жоғары дәрежеде бой алдырған көптеген мысалдары, экономика-
лық әлсіз жемқорлық жобалар мен жемқорлықпен жасалған шешімдер бар 
және осындай іс-шараларды жүзеге асыру экономиканың едәуір құлды-
рауына, инвестициялық тартымдылықтың әлемдік рейтингте төмен-
деуіне, бәсекелестікті шектеуге, әлеуметтік теңсіздіктердің артуына алып 
келді, сондай-ақ мемлекеттің, бизнес пен халықтың тарапынан қосымша 
шығындар болып табылады, соңында осының бәрі бұл елдерде – саяси, 
экономикалық, әлеуметтік дағдарыстарды туындатты.
Халықаралық және рейтингтік ұйымдар, құқықтық статистика және жеке-
леген салалық зерттеулердің деректері сыбайлас жемқорлықтың әлемдік 
экономикаға, өңірлік экономикаға және жекелеген мемлекеттердің эко-
номикасына елеулі қаржылық және материалдық шығындарды алып 
келетіндігін көрсетеді.
Осылайша, БҰҰ-ның бағалауы бойынша параның жылдық көлемі 1 трил-
лион долларға бағаланады. Бұл ретте әлемдік экономика сыбайлас жемқор-
лық әрекеттердің салдарынан тағы 2,6 триллион доллар жоғалтады. Бұл 
қаражат жаһандық ЖІӨ-нің 5%-тен астамын құрайды 
1
.
БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес, дамушы елдерде сыбайлас жемқор-
лыққа байланысты шығындар даму мақсаттарына бөлінген ресми көмек-
тен он есе асады 
2
.
1
 http://www.un.org/ru/events/anticorruptionday/
2
 http://www.un.org/ru/events/anticorruptionday/


82
Қазақстан экономикасының трансформациясы
ХВҚ мәліметтері бойынша жыл сайын пара беру салдарынан әлемдік эко-
номика ғаламдық ЖІӨ-нің 2% салыстыруға болатын, 1,5 трлн доллардан 
2 трлн доллар жоғалтады екен 
3
.
Бұл жағдайда нақты шығындар одан бірнеше есеге көп, өйткені сыбай-
лас жемқорлықтың әлемнің экономикасына тікелей және жанама әсер-
лері әлдеқайда кеңірек және тереңірек, пара берудің расталған фактілері 
бойынша шығынның тек сандық құрамдасы ғана сарапшылармен 
бағаланады.
Еуропалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы OLAF агенттігінің зерттеулеріне 
сәйкес,
 
ЕО-тың сыбайлас жемқорлықтан шығындар сомасы жылына 323 
млрд еуроны құрайды, ал Еуропалық комиссия жыл сайынғы сыбайлас 
жемқорлықтың келтіретін нұқсанын ресми 120 млрд еуроға тең екендігін 
мойындады, бұны Еуропалық Одақтың жылдық бюджетімен немесе Катар 
сияқты бай мемлекеттердің бірінің СМП бойынша ЖІӨ-нің шамасымен 
салыстыруға келеді 
4
.
Сарапшылардың пікірінше, бұл есептеулер ЕО-да жемқорлықтың нақты 
шығындарын көрсетпейді.
Осылайша, Еуропалық Одақтағы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы туралы 
Еуропалық Парламенттің өтініші бойынша 2016 жылы жүргізілген зерт-
теуге сәйкес, ЕО-ғы сыбайлас жемқорлықтан жыл сайынғы шығындар 
911 миллиард еуроны немесе осы одаққа мүше барлық елдердің жиын-
тық ЖІӨ-нің 6,8% пайызы деп бағаланды, бұл Еуропалық Комиссия ресми 
мойындаған алдыңғы есептеулерінен шамамен сегіз есе асып түседі 
5
.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикадан қаржы-
лық және материалдық шығындардың шамамен көлемі жөнінде құқықтық 
статистика, уәкілетті мемлекеттік органдар мен халықаралық қаржы ұйым-
дарының ресми мәліметтері негізінде біле аламыз.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерінің ақпараты 
бойынша, Қазақстандағы көлеңкелі кәсіпорындардың үлесі 40% құрайды. 
3
 http://www.imf.org/en/News/Articles/2017/09/18/sp091817-addressing- corruption-with-clarity
4
 Қараңыз: дереккөз: http://новости-мира.ru-an.info/новости/
евросоюз- погубит-коррупция- коррупция-достигла- колоссальных-масштабов/
5
 Қараңыз: https://www.kommersant.ru/doc/2932523


83
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары
Олардың ішінде бестен бірі пайдасының 20% дейін 
6
 салық органдары-
нан жасырып келеді, бұл бизнес- ортадағы сыбайлас жемқорлық өрісін 
кеңейтуге қолайлы жағдай туғызады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің есептеулеріне сәйкес, 2016 жылы ЖІӨ-гі 
бақыланбаған экономиканың үлесі 25,8% құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш – 
27,5%, 2013 жылы – 28% бағаланды. Бұл ресми деректер Қазақстанның 
көлеңкелі экономикасының ауқымының төмендеу үрдісін көрсетеді 
7
.
Сонымен қатар, Халықаралық валюта қорының сарапшыларының пікірінше, 
Қазақстан экономикасының үштен бірінен астамы көлеңкеде – 38,88% 
8
.
Көлеңкелі экономиканың үлкен үлесінің болуы ел бюджетіне елеулі шығын-
дар алып келеді және түрлі сыбайлас жемқорлық схемаларын және құқық 
бұзушылықтарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сыбайлас жемқорлықтан шығындардың шамамен маңызды көрсеткіштері 
сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен келтірілген шығындардың жылдық 
мөлшері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – МҚІСЖҚА) ақпа-
раты бойынша, 2001 жылдан 
 
2016 жылға дейін Қазақстанда сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтан материалдық шығын 240 млрд теңгені 
құрады, оның 44%-ы өтелді.
2017 жылдың алғашқы 12 айында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы қызмет деректері бойынша 15,8 млрд теңге мөлшерінде шығын 
келтірілген, оның 14 млрд теңгесі немесе 88% өтелді, зиянды өтеу үшін 
5,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді 
9
.
6
 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қыз-
метінің басшысы Азамат Дюсембековтың ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 
«Заңның үстемдігі – Қазақстанның орнықты экономикалық дамуының кепілі» форумында 
сөйлеген сөзінен, Астана, 2018 жылғы 20 маусым.
7
 Қараңыз: Дереккөз: http://finprom.kz/ru/article/v-kazahstane- pochti-26-ekonomiki- 
nahoditsya-v-teni-rost-doli-nenablyudaemogo- proizvodstva-tovarov-i-uslug-v-torgovle-i-
transportnoj- sfere
8
 http://www.imf.org/en/publications/wp/issues/2018/01/25/
shadow- economies-around-the-world-what-did-we-learn-over-the-last-20-years-45583
9
 http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/informaciya- antikorrupcionnoy-sluzhby-o-vyyavlennyh- 
korrupcionnyh-prestupleniyah-za-12


84
Қазақстан экономикасының трансформациясы
2018 жылдың алты айында сыбайлас жемқорлықпен байланысты қыл-
мыстардың салдарынан 9,7 млрд теңге шығын келтірілген, оның ішінде 
8,5 млрд теңге немесе 
 
88% өтелді, нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу 
үшін 4,6 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді 
10
. Келтірілген сандық көрсеткіштер 
белгіленген нұқсанды өтеуде (90%-ға жуық) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
қызметтің жұмысының сапасы едәуір жақсарғанын көрсетеді.
Келтірілген нұқсанның жыл сайынғы сандық көрсеткіштерінің ұлғаюы 
және олардың өтелуі әрқашан елдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар-
дың өсуін көрсете алмауы мүмкін, өйткені жыл сайын адамдардың сыбай-
лас жемқорлық қылмыстарын анықтау мен қудалау динамикасы артып 
келетіндігін айта кету керек.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жасырын сипатын және мұндай 
қылмыстардың анықталуының және дәлелденуінің шектеулі сипатын 
ескере отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан нақты шығын-
дар анықталған және дәлелденген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы-
лықтар үшін белгіленген нұқсан мөлшерінен әлдеқайда жоғары екендігі 
туралы айтуға болады.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың және көлеңкелі экономиканың, жеке 
сектордағы сыбайлас жемқорлықтың шығындарын, имидждік халықара-
лық рейтингісінен жанама мемлекеттің шығындарынан және әкімшілік 
кедергілерден туындаған кәсіпкерлік шығындардан мемлекетке тіке-
лей шығындар әлі күнге дейін сәйкестендіру және есепке алу аясынан 
тыс қалуда, әсіресе мемлекеттік сатып алулар саласындағы бәсекелестік 
ортаны, квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алуды, мемлекеттік 
жобаларды іске асыруды, сондай-ақ жанама қаржылық шығындарды және 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып 
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайындаудағы заңды және жеке 
тұлғалардың материалдық шығындары болып табылады.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан жанама шығын-
дар тікелей шығындардан бірнеше есе көп болуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықтан тікелей және жанама шығындардың белгісіздігі 
сыбайлас жемқорлықтан қаржы, материалдық, сандық, сапалық, 
10
 http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/informaciya- antikorrupcionnoy-sluzhby-o-vyyavlennyh- 
korrupcionnyh-prestupleniyah-za-1-oe


85
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары
институционалдық және әлеуметтік шығындардың кең ауқымын анықтау 
үшін республикада арнайы зерттеулерді бастау және жүргізу мәселесін 
өзекті етеді.
Мұндай зерттеулердің тақырыптық және бастапқы базасын қалыптастыру 
кезінде отандық сарапшылар тек қана уәкілетті мемлекеттік органдардың 
деректерін ғана емес, сондай-ақ халықаралық және тәуелсіз сарапшылар-
дың пікірлерін, отандық үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар-
дың ұстанымдарын, сондай-ақ халықаралық қаржылық және рейтингтік 
ұйымдардың Қазақстан Республикасында тігінен де, көлденең де жемқор-
лық бар екендігі жөніндегі деректерін де қарастырады, өйткені сыбайлас 
жемқорлыққа барлық деңгейдегі үкімет өкілдері, бизнес өкілдері және 
қарапайым азаматтар да қатысуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет