Конрад Аденауэр атындағы Қор


Трансформацияның жай-күйі туралы



Pdf көрінісі
бет5/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Трансформацияның жай-күйі туралы
Бастапқы кезең жан-жақты экономикалық реформалар емес, шикізатты 
сату нәтижесінде түскен «тез ақшаға көңіл толып масайрау» және көптен 
күткен тұтынушылық мүмкіндіктерді қанағаттандыру жылдары болды. 
Бұл жағдай Гётенің «Фаустындағы» «Тоқта, мезет! Сен тамашасың!» деген 
сөзіндегідей реформалауға деген құлшынысты бәсеңдетті. Реформалар 
1 
Бұл мақала «Қазақстан экономикасының трансформациясы» кітабының бірінші басылы-
мындағы авторлары Томас Хельм және Николаса Шольцтің «Қазақстан экономикасының 
трансформациясы: ресурстық тәуелділіктен қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға» деген 
мақаласына ішінара негізделеді. – Астана, 2017.


10
Қазақстан экономикасының трансформациясы
жоспарланған болатын, бірақ олар көбінесе жүйелі жүзеге аспады немесе 
мүдделердің қарама- қайшылығына байланысты іске асырылмады. Бар-
лығы 
 
«осы да жарай береді!» қағидаты бойынша жасалды. 2014 жылғы 
әлемдік шикізат нарықтарындағы бағалардың күрт құлдырауы сияқты 
күрделі үдерістер, реформаларға қайта кірісуге алып келді.
Бірақ Қазақстандағы реформаларға деген ұмтылыс туралы не деуге 
болады? Бертельсман қорының жарияланған Трансформация индексіне 
(Transformation Index) 
 
BTI 2018 сәйкес, Қазақстан қарастырылған елдердің 
экономикасы арасында орташа орынды алады (129 орыннан 64-орын), 
сонымен қатар саяси реформалар саласында 
 
93 және мемлекеттік басқару 
тұрғысынан 81-орынды алады 
2
. Нақты саяси өзгертулер бөлігінде мемлекет 
қатаң автократиялы елдер қатарына жатқызылған. Молдова мен Украина-
дағы 
3
 сияқты Еуропалық Одақпен қауымдасу туралы келісім, Қазақстанға 
қатысты тіпті қол қойылғаннан кейін екі жылдан соң да күтілмейді. Деген-
мен, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан 
Республикасы арасындағы серіктестік және кооперация туралы келісімге 
қол қойылды. ЕО және Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі 
кеңесі 2018 жылғы 
 
26 ақпанда Келісімді табысты іске асыруды құптады. 
Ол сауда және кеден ісі, қоршаған орта және климаттың өзгеруі, энерге-
тика және «жасыл экономика» (экологиялық экономика), сондай-ақ заң 
үстемдігі мен сот органдарының ынтымақтастығы сияқты салаларды қам-
тиды. Ынтымақтастық жөніндегі кеңес қарым- қатынас пен ынтымақта-
стықты нығайту, соның ішінде аймақты тұрақтандыру мен дамытуда ЕО 
және Қазақстанның ортақ мүдделерін растады 
4
.
Қазақстан көптеген жылдар бойы ЕО-ның Орталық Азиядағы страте-
гиясын жүзеге асыруға сындарлы түрде қатысып келе жатқан жалғыз 
ел болғаны туралы еш жерде айтылмаған. Бұл факт қазірдің өзінде шет 
елдерді бағалау схемалары арқылы «бақылау» шектерінің өзіндік шека-
расына ие екенін және көбінесе саралауға келмейтінін айқын көрсетеді. 
Бұл құбылыс Орталық Азия елдеріне қатысты жиі кездеседі. Баяндамада, 
шын мәнінде EXPO – 2017 нәтижелерін көрсетпеген; атап айтқанда, жаңар-
тылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі көптеген бастамалар туралы 
2
 Бертельсман қоры. Трансформация индексі BTI 2018, Қазақстан туралы елдік есеп
Гютерсло 2018, 1 б.
3
 Трансформация индексі (BTI), 2016, 96 б.
4
 http://www.consilium.europa.eu/de/meetings/international- ministerial-meetings/2018/02/26/


11
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
айтылмаған. Экономикалық өзгертулер жүргізу бөлігінде 
5
 Қазақстанның 
реформаларды жүзеге асыру бойынша индексі Орталық Азияның бар-
лық елдерінен әлдеқайда асып түсті, алайда екі жылдан кейін экономи-
каның көптеген салаларында тоқырау байқалады 
6
. Бұл мұнай бағасының 
шешуші әсерімен және оның бүгінгі күнге дейін төмендеуімен, сондай-ақ 
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан бір құрылымды меншік жүйесімен 
байланысты экономиканың басқа да жақтарын бұғаттау механизмдерімен 
түсіндіріледі. Сонымен қатар, атқарушы билікке тәуелді сот әділдігіне бай-
ланысты туындаған сыбайлас жемқорлық пен проблемалар экономиканы 
жайлаған 
7
. Индекс бойынша 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі ең 
дамыған 30 елдің қатарына енуіне алып келуі тиіс өршіл реформаторлық 
стратегиялар осылайша сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.
Трансформация индексі BTI 2016 Қазақстан Республикасына қатысты ағым-
дағы экономикалық жағдайды қатаң түрде айқындап жатыр дейтін болсақ 
та, мынадай бір қызықты сұрақ туындайды, яғни: саяси өмірде жеткілікті 
трансформациясыз, экономикадағы өзгертулер бойынша шаралар қан-
шалықты табысты болуы мүмкін?
Сыртқы көзқараспен Қазақстандағы өзгерістерге деген ұмтылысты дәлірек 
анықтау және оларды бағалау үшін басқа да статистикалық деректерге 
жүгіну керек. 2000 жылдардың басынан мұнай бағасының күрт төмендеуіне 
байланысты экономикалық дағдарыс (2014) басталғанға дейін барлық 
негізгі экономикалық көрсеткіштерде елеулі өсім байқалады. Осылайша, 
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 14   жылда 18 млрд АҚШ долларынан 216 млрд АҚШ 
долларына дейін өсті 
8
. Жан басына шаққандағы табыс 1 230 АҚШ долла-
рынан 12 400 долларға дейін өсті, бұл – Ресейді қоса алғанда, бұрынғы 
Кеңес елдерінің арасында ең жоғары көрсеткіш. 2017 жылдан бастап 
мұнай бағасының қайтадан өсуіне орай, жан басына шаққандағы табыс 
2016 жылы дағдарыстың ең төменгі нүктесінде 7 500 долларға дейін, ал 
2017 жылға дейін 8 841 АҚШ долларына дейін өсті 
9
. Сондай-ақ осы кезеңде 
тікелей шетелдік инвестициялар 10,1 млрд АҚШ долларынан 129,2 млрд 
5
 Трансформация индексі (BTI) 2016, 98 б.
6
 Трансформация индексі (BTI) 2018, Қазақстан туралы елдік есеп, 19-27 бб.
7
 Трансформация индексі (BTI) 2016, 99 б.
8
 Федералды статистикалық басқарма: Қазақстан, статистикалық профильдер, 2016 жылғы 
арнайы басылым, 2 б.
9
 Федералды статистикалық басқарма: Қазақстан, статистикалық профильдер, 06/2018 
басылым, 2 б.


12
Қазақстан экономикасының трансформациясы
АҚШ долларына 
10
 дейін он есе артып, тіпті дағдарыс кезінде де тұрақты 
болып қалды 
11
.
Әрине, бұл керемет өсім негізінен пайдалы қазба шикізатын барлау мен 
сату және соның төңірегіндегі көрсетілетін қызметтер инфрақұрылымына 
негізделген. 2014 жылы дағдарыстың басталуына дейінгі кезеңде ЖІӨ-дегі 
әлсіз өнеркәсіптік сектордың  үлесі – 40,5%-дан 36%-ға дейін төмендеді, ал 
ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының  үлесі (ЖІӨ-дегі 8,7%-дан 4,7%-ға дейін) 
тіпті екі есе қысқарды 
12
.
Экономикалық өсім дағдарыс кезінде 1%-ға дейін төмендегеннен кейін, 
2017 жылы тұрақты 4,0%-ға қол жеткізілді, ал ағымдағы жылы шамамен 
3,8% өсім болжанады 
13
. Өтпелі кезеңдегі ел үшін олар қомақты болғаны-
мен, бірақ та жоғары көрсеткіштер емес. Бұл жаңа өсу мүмкіндіктерін ашу 
үшін біржақты, ресурстарға тәуелді экономикадан – басқа экономикалық 
өзгертулер қажет екендігін тағы да айқындайды.
Халық санының өсуі, яғни 1990 жылдардың соңында 14,9 миллионға дейін 
қысқарғаннан кейін қазірдің өзінде айтарлықтай өсіп 17,8 миллион адамды 
құрауы, тек он бес жылда халықтың 20%-ға артуы болашаққа үміт арт-
тырады. Атап айтқанда, Қазақстан халқының 26   процентінен астамы 15 
жасқа толмағандықтан, болашақтағы әлеуеті зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет