Конрад Аденауэр атындағы Қор


Президент Премьер-министр



Pdf көрінісі
бет7/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Президент
Премьер-министр
Үкімет
Ұлттық
қауіпсіздік кеңесі
Сайлаушылар
5 жылға сайланады
Таратады 
Шақырады / Таратады
98 депутатты
сайлап алу
2 депутаттан сайлап алу
Қалыптастырады / Таратады
15 депутатты тағайындайды
Сайлайды / Босатады
Төрағаларын / мүшелерін
Сайлауға сәйкес тағайындайды
Қалауы бойынша босатады
14  облыстан, астанадан,
республикалық 
маңызы бар қаладан
Төрағаны және басқа мүшелерді анықтайды
Төрағаларды және
мүшелерді ұсынады
ҚР Жоғарғы
Соты
ҚР Жоғарғы
Сот Кеңесі
Жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы
Сенімсіздік вотумы
47 депутат,
6 жылға сайланады
олардың жартысы әрбір 
үш жыл сайын қайта  
сайланып отырады
107 депутат,
5 жылға
сайланады
Парламент
Сенат
Мәжіліс
Төрағаларды және мүшелерді ұсынады
Қазақстан Республикасының саяси құрылымының схемасы 
14,15
Осылайша, Президент Парламентті (Мәжілісті) таратуға және шақыруға 
құқылы. Ол Мәжілістің 107 депутатының 9-ы мен Сенаттың 15 мүшесін 
тағайындай алады. Қазіргі Президент
16
 мандаттардың 80%-нан астамы 
бар (депутаттар сайлаушылармен тікелей емес, сайлауға түскен партия-
лар тізімдері бойынша сайланады) билік басындағы «Нұр Отан» партия-
сының Төрағасы болғандықтан, ол сайлаушылар тізімінде кім болатынын, 
яғни Парламентте кімнің болатынын немесе болмайтынын өзі анықтайды.
2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижесі бойынша Президент 
 
Үкіметтің ең болмағанда бір бөлігін қалыптастырады және таратады. 
14
 https://de.wikipedia.org/wiki/Politisches_System_Kasachstans. Деректерді жаңарту үшін 
жауапты автор кестеге кейбір өзгерістер енгізді.
15
 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы Конституциялық реформа Парламенттің Үкіметті 
қалыптастыру құқығын едәуір кеңейтті
16 
Нұрсұлтан Назарбаев – 2019 жылдың 19 наурызынан  бастап Қазақстан Республика-
сының бұрынғы Президенті. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының  
төрағалығын жалғастыруда.


14
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Судьяларды Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша Президент тағайын-
дайды. Осылайша, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бір-бірімен 
Президенттің шешімі бойынша байланысты, ал Қазақстан Республика-
сының Тұңғыш Президенті – Елбасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Пре-
зидент лауазымына сайлану құқығы екі мерзіммен шектелмейді. Оның 
сайлауға қатысуға құқығы да шектелмеген, қалауы бойынша сан мәрте 
қатыса алады.
2018 жылдың шілдесінде Қауіпсіздік кеңесі туралы заң күшіне енді, ол бұл 
органды конституциялық органдарды бақылаушы органға айналдырды. 
Заң осы органда 
 
Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін 
де елдегі басты оқиғаларға және оның орнына келген адамға деген ықпа-
лын сақтайтын өмір бойы президенттікке құқықты бекітуді көздейді 
17
.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстанда «тежемелік және тепе-теңдік» жүйесі 
 
іс жүзінде жоқ. Бұл жаһандық бәсекелестіктегі ерекше маңызы бар қоғамдық 
құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ эко-
номикалық тұрғыдан ең негізгі кәсіпорындарды басқару сияқты маңызды 
мәселелерде де көрініс табады.
Трансперенси Интернэшнл сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 
Қазақстан 180 елдің арасында 122-орынға ие (яғни, 135-орындағы Ресейді, 
140-орындағы Украинаны басып озған), осылайша өткен жылға қарағанда 
он позицияға көтерілген 
18
. Көптеген жылдар бойы Қазақстан Респуб-
ликасының Үкіметі елдегі сыбайлас жемқорлықты болғызбауға тыры-
сты. Президент Әкімшілігінің жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
агенттік құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бас прокурату-
раның қарауында. Конрад Аденауэр атындағы қор бұл мәселеде оларға 
жәрдемдеседі.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың қызметінен 
босатылуы және оның 2017 жылдың басында қамауға алынуы, сондай-ақ 
оған 2018 жылы үкім шығару қоғамдық өмірдің көптеген салаларында 
кең таралған сыбайлас жемқорлықтың шарықтау шегінің дәлелі болды 
19

17
 Хельм Томас: Конрад Аденауэр атындағы Қордың «Алаң тапсырыста» атты елдік есебі
2018 жылғы шілде, 2 б.
18
 https://www.transparency.org/news/feature/corruption_perceptions_index_2017
19
 https://thediplomat.com/2018/03/former- kazakh-economy- minister-sentenced-to-10-years 
-on-corruption- charges/


15
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
Бішімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі өзінің лауазымдық жағдайын теріс 
пайдаланғаны үшін айыпталды, атап айтқанда жұмыстарды орындауға 
мердігерлікті беру үшін пара алған 
20
. Істі тыңдау нәтижесінде Холдинг 
сапалы жұмыстардың орындалуы үшін құрылыс мердігерлігін бөліп бер-
ген, алайда бұл жұмыстар төмен деңгейде орындалғанымен, тапсырыс 
беруші сұраған парасын алып осы жұмысты қабылдап отырған. Әрине, 
мұндай жең астынан жалғасқан жемқорлық болған кезде, әділ бәсеке-
лестік туралы айту да қисынсыз.
Осындай жағдайлар «Бәйтерек» холдингінің және «Самұрық- Қазына» мем-
лекеттік қорының басқару құрылымдарындағы өзгерістер туралы ойла-
нуға себеп болуы керек. Бұл сондай-ақ нарықтық экономиканың қағида-
ларын ілгерілетудің негіздерін қамтиды.
Нұрсұлтан Назарбаев 2015/16 жылдар қарсаңында Қазақстан халқына 
арнаған Жолдауында екі кәсіпорынның да тиімді жұмыс істемейтінін, 
олардың шамадан тыс штаты жеке инвестициялардың ығыстырылып 
шығарылуына ықпал еткендігін атап өтті 
21
.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы жағдай, Ұлттық қордың ақшасы тек 
мемлекеттік бюджетке ғана емес, сонымен қатар басқа біреулердің қал-
тасына түсіп жатқанын көрсетеді. Екі ірі холдингті кішігірім құрылым-
дарға шұғыл түрде бөлу қажет, осының арқасында оларды бақылау және 
басқару оңтайлы әрі ашық болады.
2018 жылдың 5 шілдесінде ағылшын (британдық) жалпы заңының негізінде 
әрекет ететін, сондай-ақ ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге 
ықпал ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIFC) ресми 
ашылуы болды. Бұл Ұлттық әл-ауқат қорының сипатын түбегейлі өзгер-
туге мүмкіндік береді және дұрыс басқарылатын болса осы саладағы 
сыбайлас жемқорлықты болғызбайды.
Үкімет жариялаған және енгізген шараларының, мысалы полиция қызмет-
керлерін оқыту сияқты шаралары тұрақты бола ма, жоқ па – мұны соңғы 
жыл ішінде рейтинг көрсеткіштерінің жақсаруы негізінде анықтау мүмкін 
емес шығар. Дегенмен, бұл бастама мақтауға тұрарлық. 2017 жылдың 
20
 2017 жылғы 12 қаңтар
21
 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл 
сайынғы Жолдауы, 
 
30 қараша, 2015 ж., 11 б.


16
Қазақстан экономикасының трансформациясы
бас кезінен бастап Конрад Аденауэр атындағы қор Қазақстан Республи-
касының Бас прокуратурасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте 
ынтымақтастықты бастады. Әділ сауда және экономикалық сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алу мәселелері басымдық болып табылады. Негізгі 
ұсынымдардың бірі – әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және сыбайлас 
жемқорлықты болғызбау мақсатында мемлекеттік келісімшарттар және 
монополияға қарсы органдардың палаталары сияқты құрылымдарды 
ұйымдастыру.
Трансперенси рейтингінде Беларусь кейінгі екі жылмен салыстырғанда 
39 позицияға көтеріліп, 107-ден 68-орынға ие болды 
22
. Бұл тіпті Беларусь 
сияқты тоталитарлық жүйелерде сыбайлас жемқорлықты болғызбау және 
азайту үшін мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді. Алайда сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы күрестің әрбір жағдайы, биліктің нақты бөлінісі жоқ және 
заңдастырылған (демократиялық) билік Үкіметке қарсы емес жағдай-
лары мәселелерімен шектелетіндігін атап өту қажет. Басқаша айтқанда, 
Үкімет өзін-өзі бақылайтын кезде, жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл-
дар өздерінің шеңберінде тежеледі.
Әрине, қолданыстағы жүйеде барлық мүмкіншіліктер таусылған жоқ. 
Әсіресе сыбайлас жемқорлықтың күнделікті көрінісіне қарсы күресте – 
полицияда, мектептерде және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мем-
лекеттік мекемелерде көптеген іс-шаралар жасалуы мүмкін. Қазақстандағы 
мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі салыстырмалы түрде төмен деңгей-
дегі жалақы алады және сондықтан да жайлылық жолдарын іздестіреді. 
Жалақы мен зейнетақылардың артуымен, «қосымша табыс көздерін» 
табуға тырысушылық біршама азаяды. Бірқатар жағдайларда, көптеген 
мемлекеттік қызметшілердің тәуекелге дайын еместігі, яғни парақорлыққа 
байланысты айып тағылса, зейнеткерлікке шығу құқығы және жұмысы-
нан айырылу қаупін туындататын сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.
Сыбайлас жемқорлықтың елге үлкен залал алып келетінін Қазақстан Рес-
публикасының Германия Федеративтік Республикасымен экономика-
лық байланыстарына айтарлықтай әсер етуінен де көруге болады. 2009 
жылы жаһандық банктік дағдарыстың салдарынан БТА банкінің банк-
рот болуына байланысты, банкті қайта құрылымдау және сақтап қалу 
кезінде «Самұрық- Қазына» қоры қыруар ақшаны жұмсады, бұл Германия 
22
 https://www.transparency.org/news/feature/corruption_perceptions_index_2017


17
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
мемлекеті үшін шамамен 280 млн еуро көлемінде зиян келтірді, өйткені ол 
«Euler Hermes» компаниясы арқылы сақтандырылған мәмілелерді қайта 
сақтандырған болатын.
Елдегі экономикалық дағдарыс және теңгенің күшті девальвациясы 
тұтастай алғанда несиелік операцияны күрделі етіп 
23
, залалдың өтелуін 
қиындатты. Сол уақыттан бері Қазақстандағы неміс бизнесі үшін неміс 
компанияларын «Hermes» арқылы ұзақ мерзімді несиелері бойынша 
сақтандыру тоқтатылды. Осылайша, ірі инвестициялар үшін жағдай қазір 
ең төменгі деңгейде, ал егер олар «Hermes» арқылы хеджирленетін болса, 
онда бұл инвестициялар шын мәнінде алып тасталады. Германия Феде-
ративтік Үкіметі «Hermes» сақтандыру компаниясын қайта жандандыру 
үшін ысырап болған қаражатты төлеуді талап етеді. Бірнеше жыл бойы 
тоқыраудан кейін, мүдделі тараптардың пікірінше, жақын арада осы мәсе-
лені шешу жоспарлануда. Сонымен қатар, соманың шамалы бөлігі ғана 
келіссөздердің нақты нысанасы болып қалады. Екіжақты экономикалық 
қызметте бұл тежеуішті жою үшін екі тарап та консенсусқа қол жеткізу 
мақсатында қажетті икемділік байқатады деген үміттеміз
24
.
Мұндай оқиғалар экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін ашу үшін 
елеулі кедергі болып табылады. Осылайша, 2016 жылдың бірінші жар-
тысында Қазақстанға неміс экспорты өткен жылмен салыстырғанда 24 
пайызға төмендеді; Қазақстаннан импорт осы уақыт аралығында 13 
23 
https://www.gtai.de/GTAI/Navigation/DE/Trade/Maerkte/Geschaeftspraxis/kreditvergabe-
und-zahlungsmoral, t=kreditvergabe-und-zahlungsmoral – kasachstan, did=1398466.html.
24 
2019 жылдың маусым айында келіссөздер барысында серпінділікке қол жеткізілді, осы-
лайша Hermes-ге сілтеме жасалған веб-сайтта мынадай ақпарат бар: «Экспорттық кре-
диттердің кепілдіктері жөніндегі Комитет (IMA) Қазақстанмен бизнес үшін жабуды айтар-
лықтай жақсартты. Негізінен бұл несие операцияларына қатысты.
Мемлекеттік секторға кредит беру әлі күнге дейін Қаржы министрлігінің немесе Орталық 
банктің кепілгерлігін талап етті. Мұндай көп емес.
Жеке секторға кредит берген жағдайда бухгалтерлік есептің халықаралық стандартта-
рына сәйкес дайындалған және расталған болашақ жылдық қаржылық есептілік жабу үшін 
жеткілікті болады.
Қазақстандық банктер сондай-ақ тиісті тексеруден кейін кепілгер ретінде қайта қабылда-
натын болады. Сонымен қатар, IMA жабу алушылар ретінде жекелеген қаржы мекемелерін 
алып тастауды тоқтатты. Ағымдағы рұқсатты ел туралы ақпарат бөлімінен табуға болады» 
(https://www.agaportal.de/_Resources/Persistent/8d05f4e9f01f101c36a6d5095692bd02f4303
99b/ar302.pdf)


18
Қазақстан экономикасының трансформациясы
пайыздан астам қысқарды 
25
. 2016 жылдан кейінгі кезеңде бұл жағым-
сыз үрдіс біршама көрінді. Жалпы, 2016 жылы Қазақстанға неміс экспор-
тының 
 
12 пайызға төмендеуі байқалады 
26
. 2017 жылы Германия және 
Қазақстан арасындағы сауда- саттық қайтадан жақсарды, мұнай бағасы-
ның күрт көтерілуіне әрі барреліне 
 
70 доллардан астам тұрақтануына 
 байланысты да болды. Мысалы, Германиядан импорт 16,4%-ға ұлғайып 
1,3 млрд еуроны құрады, ал Германияға экспорт 23,5% өсті және өткен 
жылмен салыстырғанда 3,6 млрд еуроға жетті 
27
.
Егер Германия мен Қазақстанның арасындағы терең әріптестіктің әлеуетін 
ескеретін болсақ, ең алдымен жоғары технологиялы Германия Қазақстан-
дағы трансформацияның табысына айтарлықтай үлес қосуы мүмкін болса, 
онда Қазақстан Үкіметіне тек «Hermes» компаниясына байланысты мәсе-
лені жою үшін барлық қажетті шараларды жасауды ұсынуға болады. Залал 
келтірілгеннен бастап іс жүзінде он жылға жуық уақыттан бері бизнес 
қаншама мүмкіндігін жіберіп алды және уақыт өте келе келтірілген залал 
алдындағыдан асып түсті.
2012 жылы Германия мен Қазақстан арасында жасалған Шикізаттық 
келісімді іске асыру бойынша алғашқы жобалар 2018 жылдың басында 
басталса да (Ә. Мусинаның мақаласын қараңыз), тиісінше әлеуетіне 
қарағанда әлдеқайда төмен жүзеге асырылуда.
Неміс кәсіпорындарының тарапынан «Siemens», «Thyssen- Krupp» және 
«Lanxess» сияқты компаниялар «білім мен технологияларды беру үшін 
айырбасталатын шикізат» қағидаты бойынша әрекет етуі тиіс Келісімді 
жасасуға қатысты 
28
. Мәселен, Қарағанды   облысынан мысты Германияға 
жеткізу және өнеркәсіптік секторды цифрландыру саласында Қазақстанға 
Германия тарапынан қолдау көрсетуде осындай алғашқы жобалар бар.
Неміс тарапы жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін инвестициялық 
жағдайларды қайта- қайта сынға алды. Олардың ішінде шарт талапта-
рының жеткіліксіздігі, шешімдер қабылдаудағы ашықтықтың жоқтығы, 
25
 Германия экономикасының Шығыс комитеті: 2016 жылдың қаңтарынан маусымына 
дейінгі сауда көрсеткіштері.
26
 Германия экономикасының Шығыс комитеті: 2016 жылдағы Шығыстағы неміс саудасы.
27
 https://www.oaoev.de/de/kasachstan
28
 Дальманн, Анья (және басқалар): Неміс шикізаттық серіктестігі: болашақ перспекти-
васы бар модель? Конрад Аденауэр атындағы қор, Талдаулар және дәлелдер, 137-басылым, 
қараша, 2013, 4 б.


19
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
шикізаттық жобалардың экономикалық қайтарымдылығын жария ету үшін 
құқықтық қолдаудың болмауы және ақпараттың төмендігі 
29
 бар. Техноло-
гияларды беру үшін қажетті инвестициялар да сақталғандықтан, Шикізат-
тық шарт та сыбайлас жемқорлық пен заңды тазалықтың жеткіліксіздігі 
туралы мәселелерді көтерді.
Президенттік республикадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
шектеулері мен ірі мемлекеттік холдингтердегі басқару тапшылығын еске-
ретін болсақ, 2016/17 жж. Жолдауында айтылған реформаларды жүзеге 
асыруға және конституциялық реформа жүргізуге тек Президенттің ниетін 
ғана қолдай аламыз, сонда олар да Конституциялық шындыққа айналады.
2017 жылдың қаңтарында Тұңғыш Президент Назарбаев Үкіметті қалып-
тастырудағы және Үкіметке қатысты бақылау функцияларына қатысты 
Парламенттің өкілеттігін кеңейту қажеттілігі туралы жариялады 
30
. Консти-
туциялық реформа заңның қабылдануына байланысты мәлімдемелерге 
негізделгенімен, сол уақыттан бері Үкіметтің жұмыс тәжірибесі өзгерген 
жоқ. Президент әлі күнге дейін барлық ішкі саяси мәселелерді шешеді, ал 
бастапқыда Конституциялық реформа бойынша осы өкілеттікті биліктің 
басқа тармағына бермекші болғанын айта кету керек. Ең бастысы, бар-
лық негізгі кадрларға қатысты шешімдерді өзі қабылдайды, ал дұрысында 
оған Парламент жауапты болу керек.
Қазақстан жол айрығында тұр. Ел экономикасын және оның институтта-
рын сәтті түрде өзгертуге мүмкіндігі бар. Алайда, барлық қажетті рефор-
малар кешіктірілсе немесе мүлде орындалмаса, құлдырау қаупі де бар.
Елде барлығын бақылайтын мемлекеттік экономиканың шамадан тыс 
сыбайлас жемқорлықпен байланысы, табиғи ресурстарға бай елін құлды-
ратуы да мүмкін. Мұны соңғы жылдары Венесуэла мысалынан (Транспе-
ренси рейтингінде 166-орында) байқауға болады. Экспроприацияның 
агрессивті толқыны іскерлік білімі аз, бизнеске ыңғайлары жоқ, бірақ 
өзін-өзі байытуға құштар менеджерлердің (көбінесе бұрынғы әскери қыз-
меткерлердің) қолдарына көптеген маңызды кәсіпорындарды берді 
31

Нашар басқару нәтижесінде, бүгінгі күні азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен 
29
 Сонда.
30
 inform.kz. 25.1.2017; Rferl.org. 25.1.2017
31
 Қараңыз. Хенниг Зур: Түбіне жету – Венесуэланың қираған үйінділерге жолы, Конрад 
Аденауэр атындағы Қордың шетелдік ақпараты, 3/2016 басылым, 65/66 бб.


20
Қазақстан экономикасының трансформациясы
қамтамасыз етілмеген Венесуэла гуманитарлық апатқа тап болды 
32
. Әлем-
дегі ең бай мұнай қоры бар осы елден қазіргі уақытта жүз мыңдаған адам-
дар кедейшілік пен аштықтан құтылу үшін көршілес Латын Америкасы 
елдеріне босып кетті. Бұл – ақылға сыйымсыз жәйт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет