30
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Ең нашар жағдайда, Қазақстанның Еуропаға мұнай жеткізуіне Ресейге
салынған санкциялар әсерін тигізуі мүмкін және бұл қазақстандық эко-
номикаға жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Осылайша, Каспий теңізі арқылы
танкерлермен тасымалдау балама мүмкіндіктерді ашады.
Осылайша, Қазақстан мен Иран 2015 жылы Иранның ядролық бағдар-
ламасы бойынша келіспеушіліктерді шешкеннен кейін мұнай операция-
ларын (Swop) жаңарта алды. Сонымен қатар қазақстандық шикі мұнай
Иранның Нека айлағына жеткізіледі, сондықтан Тегеран мен Тебриздегі
зауыттарда өңделіп, жергілікті нарыққа шығатын болады. Иран жауап
ретінде Парсы шығанағындағы өз порттарынан қазақстандық шикі мұнай-
дың тиісті көлемін тасымалдайды. Осыған байланысты бірнеше жылдан
бері «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» құбыржолын салу мүмкіндіктері
туралы пікірталастар жүргізілуде.
Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі (жоспарланған)
Каспий
құбыржол консорциумы
Атырау – Алашанькоу (әзірленуде)
Баку – Тбилиси – Сейхан
Атырау –
Самара
Бұдан басқа, Қазақстан 2006 жылы басталған «Баку – Тбилиси – Джей-
хан» мұнай құбыржолы бойынша экспорттық міндеттемелерін орындау
мақсатында Каспий көлік жүйесін (KCTS) дамытуды жоспарлап отыр. KCTS
арқылы Баку бағытындағы экспортты «Ескене- Құрық» мұнай құбыржолы
31
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
құрылысы, Құрықтағы жүк өткізу қабілеттілігін кеңейту және қосымша
танкерлерді сатып алу арқылы
біртіндеп ұлғайту қажет
62
.
Дегенмен, Үкімет Қашаған кен орнын іске қосуды кешіктіру, сондай-ақ
нарықтағы экономикалық дағдарыс және шиеленіс жағдайының салда-
рынан 2020
жылға дейін жобаны тоқтатты
63
.
Сондықтан Қазақстан мұнай экспорттау кезінде белгісіз уақытқа дейін
екі CPC пен Ресей арқылы өтетін «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыр-
жолдарына тәуелді болады.
Президент Трамп басшылығымен АҚШ әкімшілігінің Азиядағы өзгерген
саясатының аясында, әсіресе Қытайға қатысты, сондай-ақ Орталық Азия-
дағы «Орта Патшалық» экономикасының өсіп келе жатқан экономикалық
әсері Қазақстанның көпвекторлы саясатының өміршеңдігі айтарлықтай
сынақтан өткізеді. Болашақта Қазақстан үшін шикізат тасымалдау секто-
рын бақылауды нығайту, мұнай экспорттық бағыттарын әртараптандыру
бойынша басымдықтарды белгілеу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: