Орындаған:Кадир Н Утегенов Н Қабылдаған:Абуталип Б Тақырыбы: Канцерогенез.Апаптоз. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Стоматология факультеті
Жоспары:
Кіріспе
Апоптоз (грекше απόπτωσις -жапырақтың түсуі)-клетканың өлуінің бір формасы. Бұл процесс 1-3 сағатқа созылады. Апоптоз процесінің негізгі функциясы, бұзылған клетканы организмнен жою және гомеостаз бен иммундық жүйені тұрақты сақтау болып табылады. Күніне дені сау организмде 50-70 млд жаңа клетка түзіліп, сонша клетка өледі. Апоптоз кезінде клетка бүріседі және хроматин конденсацияланып, ядро бұзылады. Бұзылған клеткалар тез фагоцитозға ұшырап, лейкоциттер арқылы жойылады. Қабыну болмайды.
Көп клеткалы организмде клетканың өлуі күнде жүріп тұрады, бірақ белгілі бір жағдайда және әртүрлі мүшелер мен әртүрлі ұлпаларда.
Апоптоз-кең таралған жалпы биологиялық құбылыс. Ересек организде ол тіндердің оптималды мөлшерін-оларды құрайтын әртүрлі жасушалар санының гомеостазын реттеу қызметін атқарады. Апоптоздың рөлі онтогенездік және эмбриогенездік даму процестері кезінде, атап айтқанда мүшелер морфогенезінде (пішін қалыптасу), мысалы жәндіктердің-метаморфозы, сүт қоректілердің көзі, жүрегі, нерв жүйесі дамуы кезінде өте зор.Тірі болуы организмге қажет емес, ақаулы, мысалы мутанттық , вирус жұққан жасушалар жарамсыз деп табылып, апоптоз арқылы жойылып отырады. Апоптоз бұл қызметі бойынша қажетсіз жасушадан біртіндеп физиологиялық арылу.
Сонымен апоптозды реттейтін қалыпты механизмдер бұзылса, сәйкес процестер өзгеріп апоптоздың күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты организм ауруға ұшырайды.
Апоптоз 1960-жылдан бастап зерттелген. 1972жылы алғаш рет «апоптоз» терминін қолдануды Дж. Керри басшылығымен құрылған британдық ғалымдар командасы бастады. Дж.Керри “ Онкологиялық ауруларды зерттеу туралы Британдық журналға” берген мақаласында апоптозға толық сипаттама берген. Дж. Керри осы еңбегі үшін 2000-жылы, 14- наурызда Пауль Эрлих және Людвиг Дармштедтер сыйлығымен марапатталған.