Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандартымен оқу бағдарламасы.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
«Білім туралы» Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген және оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім берудің мазмұнына, оқушылардың ең жоғары оқу жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.
Бастауыш білім беру орта білім беру Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделеді.
Орта білім берудің құндылықтарына:
Құрмет Ынтымақтастық Ашықтық
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік Өмір бойы үйрену жатады.
Орта білім берудің құндылықтары оқушылардың келесі қабілеттерінде көрінуі тиіс:
дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу,
өзгерістерге икемділік пен даярлықты көрсету үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы кез-келген тілдік ортада ұжыммен жұмыс істеу үшін коммуникативті болу; қоршаған болмысты объективті бейнелеу үшін мәдениет пен пікірлерге құрмет көрсету; Отан алдындағы өз міндеттерін атқару және Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жауапты болу, белсенді азаматтық көзқарасын көрсету; өзіне және басқаларға құрметпен қарау үшін досшыл және қамқоршыл болу; кез-келген өмір жағдайында өз
танымы мен еңбек жолы үрдісін өзі реттеу үшін өмір бойы оқуға дайын болу.
Бекітілген құндылықтар шеңберінде төмендегі кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасын үйлесімді қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру орта білім берудің Мақсаты болып табылады: білімді шығармашылық тұрғыдан пайдалану; сын тұрғысынан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану (әрі қарай – АКТ); коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды қолдану; топпен бірге және дербес жұмыс істей білу.
Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары (әрі қарай – білім беру ұйымдары) меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру іс-әрекетін:
осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органы белгіленген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативті құқықтық және құқықтық актілерге жүзеге асырады .
Стандарт бастауыш білім берудегі тұлға, қоғам мен мемлекеттің келісілген мүдделерін көрсетеді.
Стандартты пайдалану: күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған бастауыш білім берудің мақсаттар жүйесін айқындау есебінен оқыту сапасын жоғарылатуға; білім беру үрдісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру үшін қажетті жағдайды жасау арқылы үштілді білім беру саясатын жүзеге асыруға; ғылыми зерттеу әдістері мен таным әдістері туралы ілімді оқушылардың меңгеруін меңзейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесіміне; оқушылардың жас мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды сатылап
арттыруға;
орта білім берудің құндылықтары мен мақсаттарына және күнделікті білім беру үрдісінің мазмұндық негізін айқындайтын білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесіне негізделген оқыту мен тәрбие бірлігі принципін жүзеге асыруға; балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және оқушылардың қосымша білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұлғаның толықтай дамуына арналған қолайлы жағдай туғызуға; орта білім беру ұйымдарының алуан түрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге; білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдауға және дамытуға; білім беру ұйымдарының іс-әрекетін білім беру сапасына қарай объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.