Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет1/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Конспект №1


Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» - ғылым жəне оқу пəні.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Математиканың ғылым ретінде дамуы.

  2. Математика пəннің ғылыми негіздері жəне мазмұны.Математиканы оқыту əдістемесінің жалпы міндеттері.

  3. Педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқыту əдістемесінің нысаны, пəні, зерттеу əдістері мен оның философия жəне логикамен, педагогика жəне психологиямен, математикамен жəне т.б. байланысы.

  4. Математиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің əр түрлі модельдері.

    1. Математиканы оқыту əдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты. Математика – орта мектептегі негізгі пəндердің бірі болып табылады. Ол басқа пəндерді оқып үйренуге, оқушылардың логикалық ой- өрісінің дамуына септігін тигізеді. Математика əдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтарды білу қажет. Математиканы оқыту əдістемесі математиканың көп ғасырлы дамуымен тығыз байланысты. Жалпы математика ғылымының даму тарихын төрт кезеңге бөледі:

  1. Математиканың пайда болу кезеңі. Бұл кезең көне дəуірден біздің дəуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылған. Бұл кезеңде математиканың алғашқы негізгі ұғымдары: сандар, фигуралар, т.б. қалыптасты; математиканың тəжірибелік есептерді шығаруға қажетті бастамасы шықты.

  2. Элементар математика кезеңі. Біздің дəуірімізге дейінгі VI-V ғасырлардан бастап, біздің дəуіріміздің XVII ғасырына дейін болған аралықта тұрақты шамалар зерттеліп, ашылады. Математика ғылымы өзіндік зерттеу тақырыбы жəне зерттеу əдісі бар пəн ретінде танылды.

  3. Айнымалы шамалар математикасының даму кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған. Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың (1596-1650) енгізуімен жəне И. Ньютон (1642-1727) мен Г. Лейбниц (1646-1716) жасаған дифференциалдық жəне интегралдық есептерден басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет