Жіңішке ауру
Құлағының мүкісі бар
Зағип
Аяғын сылтып басады
Аяғы ауыр
Дүниеге келді
Қайтыс болды
Сөзуар
Қолының жымысқысы бар
Аузы жеңіл
Қосып айтады
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер
Конспект Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
ЕРКІН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейді.
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады.
2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады.
Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады.
3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады.
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады.