Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет9/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
каз яз

Атауыш сөздер  лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер  лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер  адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.
– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.
Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.
Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді.
Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:
1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жы
Сын есім, түрлері, емлесі, сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Конспект 
Сан есім, түрлері, сан есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметіСан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім. оптау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұра
Конспект 
Есімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметіЕсімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
Үлгі:

А.с.
І.с.
Б.с.
Т.с.
Ж.с.
Ш.с.
К.с.

мен
ме-нің
ма-ған
ме-ні
мен-де
ме-нен
мен-і-ме



Конспект 
Етістік, түрлері, етістіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

ЕСІМ СӨЗДЕР

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Балта
Би
Бас
Үтік
Дамыл
Сән
Рух
Әдет
Көмек
Сыр
Пікір
Жиын
Орын
Жаман
Көк
Екеу

Балтала
Биле
Баста
Үтікте
Дамылда
Сәнде
Рухтан
Әдеттен
Көмектес
Сырлас
Пікірлес
Жина
Орна
Жаманда
Көгер
Екеуле


Үрі

Ереже

Жасалуы

мысалдар

Өздік етіс (орындаушы өзі)

Қимылды орындаушының
өзі істейді.

-ын, -ін, -н жұрнақтары
арқылы

Жуынды, киінді, боянды, таранды.

Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу).

Қимылды өзге біреуге орындатқызады.

-дыр, -дір, -тыр,
-тір, -ыр, -ір;
-қыз, -кіз, -ғыз,
-гіз;

жұрнақтары
арқылы

Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет.

Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз)

Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.



-ыл, -іл, -л;
-ын, -ін, -н;
жұрнақтары арқылы

Айтылды, көтерілді, тасылды,
салынды, әкелінді, тазаланды.

Ортақ етіс (орындаушы көп)

Қимылды орындаушы біреу емес, бірнешеу болады.

-ыс, -іс. –с
жұрнақтары арқылы

Орысты,
тазаласты, көтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы, Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы, Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.
Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түріЕтістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.
Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы,
Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,
-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:
Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы
Конспект 
Есімше. Көсемше. Етістіктің шақ және рай категорияларыЕсімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі.
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ; кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмесАқылды байқап сөйлер. (қайтер?)
Тұйық етістік – жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, зат есімдерше түрленетін, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жаз+у
Конспект 
Үстеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметіҮстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т.б.​​​​​​​
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы, Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т.б.​​​​​​​
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы, Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т.б.​​​​​​​
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде, қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы, сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екенАл сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыснедәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетедіСұрағы: қалай? Мысалы, әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмадыСонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатадыБұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б.
Конспект 
Еліктеу сөздер, түрлері, емлесіКОНСПЕКТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет