Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет7/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
каз яз

Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:


-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
Түбір мен қосымшаныңсөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:
1) ілгерінді ықпал;
2) кейінді ықпал;
3) тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары:
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары:
1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т.б.
Біріккен сөз екі түрлі болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет