Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы
2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 202 мониторинг жүргізілді, 880 ұсыныс енгізілді, оның 515-і іске асырылды. [4, 116 т.]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Сатып алудың бірыңғай терезесі» талдау жүйесін пайдалана отырып, сатып алу мониторингін жалғастырды. [4, 17-т]
Мәселен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ден қоюы нәтижесінде, 250 мың оқулық сатып алуға 501 млн. теңгенің орнына, 132,2 млн.теңге жұмсалды (үнем – 368,7 млн.теңге).
Бұл өкімнің мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу режимін тиімді жұмсау және күшейту болды.
Алайда, әкімшілердің бір бөлігі тікелей тыйым салуды бұза отырып, мұндай сатып алу жоспарларын құруды жалғастырды.
2021 жылы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігіне мониторинг жалғастырылды. [3, 19-т.; 6, 12-т.]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің үлесі
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін,
Бас прокуратура 2021 жылғы 2 шілдеде әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. [3, 37-т; 4, 112-т]
Құқық қорғау органдары, прокуратура және соттың арасында өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын бөле отырып, қылмыстық процесте үш буынды модельді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. [4, 101-т]
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқарушылық қателіктердің аражігін ажырату туралы тапсырмасын орындау шеңберінде, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз араласудың жолын кесуге, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығы мен негізділігін сақтауға бағдарланған. [7, 13.2-т.]
.
Достарыңызбен бөлісу: |