Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі 2021 жылы 6 отырыс өткізіліп, онда мәселе қаралды, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы;
2) Мемлекет басшысының төрағалығымен 2020 жылы
19 тамызда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» кеңестің №20-01-7.19 хаттамасын іске асыру барысы туралы;
Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйелеу мақсатында, Парасаттылық мәдениетін ілгерілету - (ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерімен бірлесіп) бекітілді.
Еліміз бойынша 12 мыңнан астам отбасының қатысуымен «Парасатты отбасы» байқауы өтті.
Қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған бейне-роликтер көрсетіледі, онда сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл шаралары, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу тетіктері туралы ақпарат мазмұнды ұсынылады.
1
№ 10
дәріс
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы 2021 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 145 сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 2 628 ұсыным енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу құралдарын күшейту мақсатында, бизнес-орта, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдардың мамандарын кеңінен тарта отырып, проблемалық мәселелерді жан-жақты талдауға бағытталған интеграцияланған талдамалауды енгізу басталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы 9 мыңнан астам құқықтық акттер мен жұмыс процестері зерделенді,
2 мың тәуекел анықталды (ОМО – 900, ЖАО – 865, КМС – 299). Мемлекеттік органдардың қаржы-шаруашылық қызметі, реттеушілік және бақылау функциялары, кадр процестері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, бақылау-қадағалау функциялары, мүдделер қақтығысын реттеу және іс жүргізу тәжірибесі тәуекелдерге неғұрлым бейім.
Квазимемлекеттік секторға сатып алудың ашық еместігі, қаржылық рәсімдердің «жабықтығы», жеке пайда алу мақсатында лауазымдық жағдайды пайдалану тәуекелдері, сондай-ақ протекционизм және «ұнамды» адамдарды тағайындау тән.
Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау институтын күшейту жөніндегі бастамаларды барлығы бірдей қолдамады. «QazExpoCongress» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазгеология» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тәсілдемелерінен формализмді байқауға болады.