Конспект Сағаттар көлемі №1 дәріс


Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі



бет9/10
Дата15.11.2023
өлшемі81,16 Kb.
#123002
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамалық тұрғыда ұлттық жария лауазымды тұлғалар (ҰЖЛТ) үшін тиісті тексерудің қосымша шараларын қолдануды көздейтін институтты (FATF 12 «Жария лауазымды тұлғалар» ұсынымы) енгізді, бұл лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, заңсыз алынған кірістерді заңдастыру тәуекелдерін уақтылы анықтауға және оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. ii
Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында докторантураға орталықтандырылған қабылдауды қамтамасыз етті.

1

№ 11
дәріс

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік мониторингін стандарттау мақсатында Бас прокуратура Агенттікпен бірлесіп, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жүйесін әзірледі. [
.Бағалаудың 5 құраушы көзделген:
1) ұйымдастырушылық басқару
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған мемлекеттік қызметшілер
3) сыбайлас жемқорлық қылмыстар;
4) азаматтардың өтiнiштерiн қарауды қайталау;
5) әлеуметтанушылық зерттеулер.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дамуы
Мемлекет басшысының уәкілетті органның алдына қойған міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымы қайта қаралды.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен үш негізгі қызмет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және тергеу қызметі құрылды. iii
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіру әлеуеті әрбір мемлекеттік орган үшін (мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық менеджментті енгізу шеңберінде) сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілік базалық бағытты (ҮББ-4) енгізу арқылы күшейтілді.
Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттырудың жаңа құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет