1.Бийбизада Проблемалық оқыту – мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын
дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп
шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын,
теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді,
оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі
іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау
негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді
қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық
бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып,
проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары: 1)Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
2)Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту
әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
3)Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып,
продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер:
мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын
көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы
дамуына жағдай тудыру.
2.Нұрсұлтан Қашықтықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет
ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің
көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар:
онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.