Конспект Тақырыбы:«4саны мен цифры»



Дата12.04.2023
өлшемі16,76 Kb.
#81932
түріКонспект
Байланысты:
4 санымен цифры

ЖШС Каспий өңірі«Болашақ» колледжі


Конспект
Тақырыбы:«4саны мен цифры»


Орындаған:Бегенова Г.


Тексерген:Каракаева А.

Ақтау-2023 ж.


Сабақтың тақырыбы:  «4 саны мен цифры»
Сабақтың мақсаты:
білімділік:балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру;
дамытушылық: балалардың ой-өрісін 4 санының құрамына есеп құрастыру арқылы дамыту ;
тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын.
Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:

  1. Амандасу;

  2. Өткен сандарды қайталау.

  3. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.
-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз.
4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.
-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі қалды?
4-1=3.
-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?
-Сәбізді.
Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.
-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.
Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.
 -Пішіндер неге ұқсайды балалар?
-шаршыға, «ш» дыбысына.
-4 саны неге ұқсайды?
- төңкерілген орындыққа.
-Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші.
Іздегендер табады,
Зер салса егер мынаған.
Тура «4» боп қалады,
Орындықтар құлаған.
Дәптермен жұмыс:
Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.
Сергіту сәті:
1,2,3- ал кәнеки ұш,
4,5,6,7- мынау ауыл шеті.
8,9,10- ал, кәнеки қон!
Ойын: «Өз орныңды тап»
Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.
III.Қорытынды.
-Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?
«4» санының құрамын қайталау.

  1. Балаларды мадақтау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет