Конспектісі «Экология»


Табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау негіздерін әзірлеу тұрақты дамуға өтудің қажетті шарты ретінде



бет8/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

10.4 Табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау негіздерін әзірлеу тұрақты дамуға өтудің қажетті шарты ретінде
Қоршаған ортаны қорғаудың басты мақсаты, ақырында, адамзаттың дамуы мен қоршаған ортаның қолайлы жағдайы арасында үйлесімді орнату болып табылады.
Берілген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда геоэкология және табиғатты қорғау саласындағы келесі ғылыми және қолданбалы зерттеулер көзделген:

  • қоғам мен табиғаттың өзара қатынастар проблемасын зерделеу саласында перспективалы ғылыми бағыт ретінде экологияның теориялық негізделуі;

  • зерттеу объектісі мен тақырыбын нақтылау; негізгі экологиялық ұғымдар мен терминдерді қалыптастыру және үйлестіру;

  • географиялық жүйелер компоненттерінің тізбекті байланыстары туралы түсініктерді дамыту: антропогенді әсердің әртүрлері мен нысандарына экожүйелердің ықтимал реакциясын айқындау;

  • қоршаған ортаға антропогенді әсер салдарын бағалау критерийлерін нақтылау; экологиялық болжау принциптері мен әдістерін әзірлеу және үйлестіру;

  • өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы өндірісінің әр түрлі рангты экожүйелердің инфрақұрылымына әсерінің ауқымын және қарқындылығын зерделеу;

  • қала агломерациялары, табиғи-техникалық жүйелер шекараларында қоршаған ортаны экологиялық тұрақтандыру бойынша шаралардың кешенді сұлбалары мен жобаларының құрылымын әзірлеу;

  • экологиялық тұрақтандырылмаған геоэкожүйелер жағдайларында адамзат қоғамының тіршілік әрекеті мен табиғи орта сапасының экологиялық нормативтерін нақтылау;

  • антропогенездің адамдардың денсаулығы жағдайына әсерінің салдарларын болжау;

  • аралық зондтаудың жаңа әдістері және аэроғарыштық түсірім материалдарын пайдалану негізінде табиғи-антропогенді экожүйелерді экологиялық картографиялау принциптерін нақтылау және әзірлеу;

  • халықтың барлық әлеуметтік-қоғамдық топтарына экологиялық көзқарасты дарытуға бейімдеп, халықты экологиялық оқыту және тәрбие беру.

Сонымен, республикада өткізілетін табиғи ортаны оңтайландыру бойынша шаралар оның табиғи ресурстарын пайдаланудың ең жақсы нұсқаларын жорамалдайды, көптеген табиғи қасиеттердің шаруашылық қызмет және адамдардың өмірі үшін қолайлы күйде сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, табиғи ортаны оңтайландыру бойынша шаралар геоэкожүйелердің табиғи потенциалын жоғарылату, құрылымын сапалы жақсарту және олардың жағдайын лайықты деңгейде сақтау мақсатында олардың түрленуін көздейді.
Мамандар табиғи ортаның экологиялық тұрақсыздандырылуын болдырмау үшін келесі функциялардың орындалу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет деп есептейді:

  • экожүйе өзін-өзі реттеу процесінде өзінің табиғи потенциалын: ауаны, суды, топырақты, биомассаны және т.б. сақтауы және қалпына келтіруі тиіс;

  • экожүйе эстетикалық қабылдау көзі болуы тиіс;

  • экожүйе тектік қорды, табиғаттың теңдессіз туындыларын сақтауы, өздігінен реттелетін орта және ресурсты ұдайы өсіретін жүйе болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет