Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білімнің және ағарту ісінің ролі. Қазақстан Республикасында халыққа экологиялық білім беру және тәрбиелеу
10.5 Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білімнің және ағарту ісінің ролі. Қазақстан Республикасында халыққа экологиялық білім беру және тәрбиелеу Адамдарға экологиялық білім беру, ағарту және тәрбие беру бойынша шаралар қабылдамай, экологиялық проблемалардың шешілуіне қол жеткізуге, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге болмайды.
Экологиялық білім беру – бұл адамның тіршілік етуінің жаһандық жағдайлары туралы білімдер кешені. Сондықтан экологиялық білім берудің әрбір адам үшін белсенді процесс болып табылатыны, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын қозғайтыны, барлық тіршілік иелерінің тіршілік ету сапасын жақсартуға қамтылатыны туралы айтқанымыз дұрыс болады.
Экологиялық білім беруді қалыптастыруда еңбек қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану принциптерін меңгерудің маңызды мәні бар. Сондай-ақ, экологиялық білім беруде ой-өрісті экологияландырудың маңызды бағыты бар. Ой-өрісті экологияландыру экологиялық біліммен шектес білімді меңгеруді жорамалдайды және экономикамен, ғылыми-техникалық прогреспен, саясатпен, құқықпен және т.б. экологиялық қатынастардың өзара байланысын сипаттайды. Экологиялық білім беруде экологиялық ауыртпалықтар себептерін дұрыс анықтаудың да маңызы аз емес. Оларға көптеген адамдардың экологиялық сауатсыздығы және аз сауаттылығы, ауызша да, баспалық та насихаттың төмен тиімсіздігі және құзыретсіздігі жатады.
Осы ерекшеліктерді есепке алғанда, біздің елімізде экологиялық білім беру екі деңгейде өрістетіледі. Бірінші деңгей – жалпы экологиялық білім беру: әрбір оқу орнында экология курстары пайда болды.
Екінші деңгей – бұл кәсіпқойларды даярлау. Қазір Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында «Экология», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша студенттерді даярлау жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы экологиялық білім беру қалай қалыптасты? Мектептегі экологиялық тәрбие және білім беруге тоқталайық. Енді орта білім беретін мекемелерде экологиялық білім беруді тереңдетудің және жетілдірудің үздіксіз процесі факт болды. Олардың көпшілігінде арнайы экологиялық тақырыптар жинағымен базистік оқу жоспары жұмыс істейді, қолданылып жүрген пәндердің мазмұнын экологияландыру жүзеге асырылады. Қазақстанда экологиялық бейінді гимназиялар, лицейлер, колледждер, мектептер жұмыс істейтін жайтты атап кету керек, оларда экология бойынша арнайы курстар, «Қоршаған әлем», «Денсаулық және қоршаған орта» факультативтері өткізіледі. Бастауыш және орта білім беретін оқу орындарында экологиялық білім беру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
мамандықтарға экологиялық пішінді енгізу;
өнеркәсіптік және аграрлық экология бойынша мамандарды әзірлейтін мамандандырылған білім беру мекемелерін құру;
нақты мамандықтың өзгешелігін есепке алатын кәсіптік білім берудің экологиялық компонентін әзірлеу, ендіру және жетілдіру.
Экологиялық бейінді колледждерде «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану», «Сумен қамту және суды бөлу жабдықтары мен жүйелерін пайдалану» мамандықтары бойынша оқыту жөнге келтірілген.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында экология мұғалімдерін даярлау жүргізіледі, университеттерде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрларды даярлайды.
Білім негіздері үздіксіз экологиялық тәрбие және білім беру жүйесінен қалыптасуы тиіс. Ол отбасында басталуы, сонан соң мектепте жалғасуы тиіс, онда теориялық білім алумен қатар мектеп оқушыларына қоғамдық қызмет, мектептің орман шаруашылықтарындағы, табиғат достары клубтарындағы және т.с.с. жұмыс жүктелуі тиіс.
Сонымен, егер экологиялық білім беру бағыттарын қысқаша тұжырымдасақ, олар:
білім берудің экология-дүниетанымдық жүктелгендігін күшейтуден және ең алдымен, экологияның рухани-адамгершілік және эстетикалық проблемаларын кеңінен көрсетуден;
әртүрлі ғылымда экологиялық аспектіні ерекшелеуден;
экологиялық білім беруге қоршаған орта саласындағы өңірлік-салалық ерекшелікпен байланысты ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қосудан көрінеді.
Экологиялық білім беруде бұқаралық ақпарат құралдары – радио, телеарна, баспасөз маңызды роль атқара алады және атқаруы тиіс. Осы білім беру функциясын жүзеге асыру кезінде редакциялар және осы ақпарат құралдарын басқару органдары қоршаған табиғи ортаны қорғау және жақсарту проблемаларымен айналысатын сәйкес арнайы, ғылыми және білім беретін мекемелермен ынтымақтастық орнатуы тиіс.