10.2 Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері мен қағидалары Негізгі қағидалар. Әрбір мемлекет өзіне қажетті саясатта қоршаған ортаның ұлттық жүйесіне қатысты құқықтарды жүзеге асыра отырып, жалпы қабылданған заманауи халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын ұстануы керек: мемлекеттік тәуелсіздікті сыйлау, халықтардың егеменді теңдігі, шекаралық қолсұқпаушылық және тұтастығы, серіктестік, халықаралық қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқықтық жауапкершілік. Бұлардан қоршаған ортаны қорғау туралы келісімдер туындайды.
Арнайы принциптер. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың игілігіне қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның халықаралық құқығының (ҚОХҚ) арнайы принциптері мен нормаларының бүкіл жиынтығына қатысты жалпылап қорытушы принцип. Оның мәні мемлекеттердің осы және болашақ ұрпақтардың игілігіне ынтымақтастық рухында олар үшін теріс салдарларды жоюды қосқанда қоршаған ортаның сапасын сақтау және қолдау бойынша, сондай-ақ,
табиғи ресурстарды ұтымды және негізделген түрде басқару бойынша барлық қажетті әрекеттерді қолдану міндетіне келтіріледі.
Қоршаған ортаны қорғаудың арнайы принциптеріне төменде аталғандар жатады:
трансшекаралық зиян келтірудің рұқсат етілмеуі. Берілген принцип қоршаған ортаның шетелдік ұлттық жүйелеріне және жалпы пайдаланылатын аудандарға зиян келтіретіндей бақылау немесе өзінің қарауындағы шекте мемлекеттердің мұндай әрекеттеріне тыйым салады.
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануының рұқсат етілмеу принципі ядролық энергетиканы пайдаланудың әскери де, бейбіт те облысын қамтиды. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануына рұқсат етпеу принципінің элементтері (мысалы, атмосфераның, ғарыш кеңістігінің және Әлемдік мұхит түбінің ядролық сынақ жарылыстары нәтижесінде радиоактивті ластануына тыйым салудың қолданылып жүрген нормасы, сондай-ақ, әлі қалыптасатын кейбір нормалар) қоршаған ортаны қорғау механизмінің ең маңызды буындарының бірін құрауы тиіс.
Әлемдік мұхиттың экологиялық жүйелерін қорғау принципі мемлекеттерді: теңіз ортасының барлық мүмкін көздерден ластануын болдырмау, қысқарту және бақылап сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға; зиянды немесе ластану қаупін бір ауданнан екіншіге тура немесе жанама тасымалдамауға және бір ластану түрін екіншіге айналдырмауға; мемлекеттерді және қарауында немесе бақылауында болатын тұлғаларды қызметі ластану жолымен басқа мемлекеттерге және олардың теңіздік ортасына зиян келтірмеуге міндеттейді.
табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа қастықпен пайдалануға тыйым салу принципі мемлекеттіңшоғырланған түрінде бұзылу, зиян келтіру ретінде кең, ұзақ мерзімді немесе күрделі салдарлары бар табиғи ортаға әсер ету құралдарын пайдалануға тиімді тыйым салу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау міндетін білдіреді.
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принцип ретінде соңғы жылдары қалыптаса бастады. Ол, ең алдымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық проблемалардың жаһандық және өте өткір сипатын көрсетеді. Мемлекеттердің әскери-саяси және экономикалық қызметті жүзеге асыру міндетін қоршаған ортаның теңбе-тең күйін сақтауы мен қолдауын қамтамасыз ететіндей, осы принциптің элементтері деп есептеуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық шарттардың сақталуын бақылау принципі ұлттық жүйеден басқа сондай-ақ, қоршаған орта сапасын халықаралық бақылау және мониторингінің тармақталған жүйесін құруды көздейді. Олар жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде халықаралық танылған критерийлер мен параметрлер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі принципі ұлттың қарауындағы немесе бақылау шегінен тыс экологиялық жүйелерге елеулі зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті көздейді.
ХҚҚО дамуы сондай-ақ, кеңес беру, қоршаған ортадағы сапаны және өзгерістерді бақылау, қоршаған орта жағдайындағы болжанатын елеулі өзгерістер туралы ерте хабарлау туралы уағдаластықтарды халықаралық-құқықтық практикаға ендірумен сипатталады. Олар қоршаған ортаға зиянды болдырмауға бағытталған, сақтандыратын әрекеттер жүйесінің қалыптасуына әкеледі.