10.3 Генетикалық алуан түрлілікті қорғау. Биосфералық қорыққорлар. Қызыл кітап және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтаудағы ролі Табиғат эволюция процесінде өмір сүру түрлерінің есептелмейтін алуан түрлілігін конструкциялады. Табиғатты қорғаудың басым міндеттерінің бірі берілген биологиялық алуан түрлілікті сақтау болып табылады. Мұралық игілікті тасымалдаушылар ретінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлілік құрамын сақтауға, жабайы пайдалы жануарлардың оңтайлы санын қолдауға, ғылыми және практикалық қатынаста өнімді немесе потенциалдық құнды тірі табиғат өкілдері ретінде өсімдіктерді сақтауға бағытталған шаралар жүйесін генетикалық алуан түрлілікті қорғау деп түсінеді. Берілген шараларға мыналар жатады:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
Қызыл кітапты мемлекет және тіпті планета шеңберінде құру;
генетикалық банктерді толтыру және т.б.
Генетикалық банк – бұл тірі организмдерді, - олардың түрлерін, сорттарын және тұқымдарын; әсіресе дақылды өсімдіктер тұқымдарын және олардың жабайы тұқымдастарын әрі қарай өсіру үшін жарамды өсімдіктер мен жануарлардың тұқымдарының, мұздатылған тіндерінің, жыныстық клеткаларының қоймасы.
Біздің республикамыздағы ауылшаруашылығы өсімдіктерінің тектік қоры 30 мыңнан артық үлгіні құрайды, соның ішінде: дәнді - 18,4, азықтық - 3,2, көкөніс және картоп - 3,5, жеміс-жидек - 4,5 және басқа дақылдар - 1,0.
Ғасырлық халық селекциясының базасында және ғалымдардың соңғы 50 жылдағы күштерімен қалыптастырылған Қазақстан жануарларының тектік қоры әр түрлермен, тұқымдармен, типтермен, республиканың әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары мен өңірлеріне бейімделген, жоғары өнімді ауылшаруашылығы жануарларының сорт тармақтарымен берілген. Қазіргі уақытта қойлар мен ешкілердің 17, ірі қара малдың 11, жылқының 13, түйенің 2, шошқаның 6 тұқымы және балықтардың, маралдардың, аралардың және құстардың көптеген тұқымдары аудандастырылған.
Республика каталогында 730 микроорганизмдер дақылы және клеткалар сорт тармағы есептеледі: актиномицеттер - 73, бактериялар - 202, ашытқылар - 74, мицелиальды саңырауқұлақтар - 147, фитопатогенді және зоопатогенді - 125 және 8, хламидиялар - 3, клеткалар дақылдарының сорт тармақтары - 18, вирустар - 86. Қазақ ветеринария ҒЗИ мұражайында 300-ден астам дақылдар сақталған.
Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында сүт қышқылы бактерияларының 40 дақылы, ашытқылардың 30 дақылы және мицелиальды саңырауқұлақтардың 22 штаммы бар.