Конспектісі «Экология»



бет7/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Биосфералық қорыққорлар – бұл биологиялық алуан түрлілікті сақтаумен де, экологиялық процестердің ұзақ мерзімді мониторингімен және оларға адамның әсерін бағалаумен айналысатын аумақтар. Сонымен қоса, биосфералық қорекқорлар жергілікті халық пен қоғам арасындағы келісімдерді тұрақты дамыту мақсаттарына қол жеткізуге арналған.
Әрбір биосфералық қорыққорда биологиялық алуан түрлілікті, буферлік аймақты, ядроның қоршаған аймағын және осы өңірдің табиғи ресурстарының тұрақты пайдаланылуымен байланысты экономикалық қызмет үшін өтпелі аймақты (немесе басқаша айтқанда, ынтымақтастық аймағын) сақтау үшін ядроның бір (немесе одан артық) аймағын қосқанда, үш арнайы ерекшеленген аумақ бар.
Тұңғыш биосфералық қорыққордың негізін 1974 жылы американдық ғалымдар ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберінде құрды. Қазіргі уақытта әлемнің 55 елінде 200-ден астам биосфералық қорыққор есептеледі.
Қазіргі сәтте биосфералық қорыққорлар ешкім тиіспеген аумақтарды қорғау және зерделеу қажеттілігі туралы идеядан жерді экожүйелердің барлық типтерінде пайдалануда дауларды шешу және бір мезгілде биологиялық және мәдени алуан түрлілікті қорғау құралдарына дейінгі жолдан өтті. Болашақта биосфералық қорыққорлар онда адамзат факторының әсері күннен-күнге өсетін әлемдегі экономиканың, әлеуметтік ғылымдардың және экологияның өзара байланысын зерделеп, адам мен табиғатты жақындастырудың көрсеткіштік аумағы болуы мүмкін.
Қызыл кітап – бұл өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылу қаупінде болатын түрлерінің тізімі; өткен және қазіргі таралуы, өсу ерекшеліктері, тірі организмдерді қорғаудың қабылданған және қажетті шаралары көрсетілген түрлердің мазмұндалған тізбесі.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады және Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылу қаупінде болатын түрлерінің жағдайы туралы мәліметтер, оларды зерделеу, қорғау, өсіру және тұрақты пайдалану бойынша қажетті шаралар жиынтығынан тұратын, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылу қаупінде болатын түрлері тізбелерінің иллюстрацияланған басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен бірге, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің мемлекеттік кадастрының құрама бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ, континенттік қайраңда және Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағында тұрақты немесе уақытша құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркін күйде мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) және өсімдіктердің (жоғарғы және төменгі) сирек кездесетін және жойылу қаупінде болатын түрлері (түршелері, популяциялары) енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер-дің сол немесе басқа түрін (түршесін, популяциясын) енгізу және оның мәртебесін анықтау үшін оның санының қауіпті қысқаруы, ареалдың азаюы, тірішілік ету жағдайларының жағымсыз өзгерістері туралы деректер немесе оны қорғау және өсіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажеттілігі туралы куәландыратын кез келген бас деректер негіз болып табылады. Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО Қызыл кітабы) сирек кездесетін және жойылу қаупінде болатын жануарлары мен өсімдіктерінің тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Екінші жағынан, саны және тұрақты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркін күйдегі тектік қордың өсірілуіне және сақталуына қауіп төндірілмейтін шектерге дейін қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері (түршелері, популяциялары) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығарылады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қара гриф, Арқар, Амур жолбарысы, Сұңқар-балабан, Қарлы барыс, Сілеусін, Сервал және т.б. енгізілген.
Тірі организмдердің тектік қорын сақтаудың жоғарыда аталған тәсілдері болашақта да Жерде қазіргі кезде бар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігі бар болатынының белгілі кепілі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет