Конспектісі «Экология»


Тазартудың физика-химиялық әдістері



бет47/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

17.3.2 Тазартудың физика-химиялық әдістері
Ағынды суларды тазартудың физика-химиялық қасиеттеріне коагуляцияны, флотацияны, адсорбцияны, иондық алмасуды, булауды және т.б. жатқызады. Бұл әдістерді ағынды сулардан жұқа дисперсиялы салынды бөлшектерді, еритін газдарды, минералдық және органикалық заттарды жою үшін пайдаланады. Механикалық әдістермен салыстырғанда ағынды суларды тазарту үшін физика-химиялық әдістерді пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар: улы қосылыстарды жою мүмкіндігі, аса терең және тұрақты тазалануға қол жеткізу, ғимараттардың шағын мөлшерлері, толық автоматтандыру мүмкіндігі, әртүрлі заттарды тазалау мүмкіндігі.
Ағынды суларды әрі қарай пайдалану мақсатымен, олардың сондай-ақ, мөлшерін және оларда ластаушы заттардың шоғырлануын есепке алумен, тазартылған өндірістік ағынды суларға қойылатын, санитариялық және технологиялық талаптарды есепке алып, тазартудың сол немесе өзге әдісін таңдайды.
Флотация ағынды сулардан нашар тұндырылатын, ерімейтін қоспаларды жою үшін қолданылады. Флотацияның қарапайым актісі келесіден тұрады: суда көтерілетін ауа көпіршігі қатты гидрофобты бөлшекке жақындаған кезде, оларды бөліп тұратын су қабатшасы қандай да бір ауыспалы қалыңдықта бұзылады да, көпіршік қоспа бөлшегімен жабысып қалады. Содан кейін көпіршік-бөлшек кешені судың бетіне көтеріледі, онда көпіршіктер жиналады да, алғашқы ағынды суға қарағанда, бөлшектері аса жоғары шоғырланған көбік қабаты пайда болады. Пайда болатын көбік қабаты содан кейін арнайы ескіштермен жойылады.
Аса тиімді тазарту үшін ағынды суға арнайы реагенттер – флотоагенттерді қосады, олар көбіктің пайда болу дәрежесін ұлғайтады. Флотация көптеген технологиялық процестердің ағынды суларын тазарту үшін, сондай-ақ, кенді қайта өңдеу өнеркәсібінде металдар рудаларын байыту кезінде кеңінен қолданылады.
Коагуляция – бұл дисперсиялық бөлшектердің өзара әрекеттесуі және агрегаттарға бірігуі нәтижесінде оларды ірілендіру процесі (4.12-сурет).

1 - ерітінділер жасауға арналған ыдыс; 2 - мөлшерлегіш;


3 - араластырғыш; 4 - қауыз пайда болатын камера; 5 – тұндырғыш

4.12-сурет - Суларды коагуляциямен тазартуға арналған қондырғы сұлбасы


Берілген әдісті жұқа дисперсиялы қоспаларды тұндыру процесін жеделдету үшін қолданады. Коагуляция өз еркімен немесе химиялық және физикалық процестердің әсер етуімен болуы мүмкін. Әдетте ағынды суға арнайы реагенттер – коагулянттарды қосады, олар суда ластаушы заттың бөлшектерімен байланысады және өз кезегінде, ауырлық күшінің әсерімен бункерге тұнатын қауыздарды құрайды. Ағынды суды коагуляциямен тазалау процесі келесі сатылардан тұрады: дозалау және реагентті сумен араластыру, қауыздың пайда болуы және қауыздардың тұнуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет