Ормандарды құқықты қорғау – бұл заңмен бекітілген жүйе, олар бағытталған: орманда өртті болдырмау бойынша іс-шаралар өткізу, оларды дер кезінде байқау және жою, ҚР орманда өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын бақылау; заңсыз түрде ағаштарды кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан орманды қорғау; орманды егушілердің ережелерді орындаушылықтарын және орманды пайдалануда ережелерді сақтаушылықтарын бақылау; зиянды шыбын-шіркейлерді дер кезінде айқындау және орманның ауруын және олармен күрес; орман қорында аң аулау бойынша ережелердің сақталуын бақылау, аң аулаумен күрес; орманды қорғау және қайтадан көркейту және оларды тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттер.
Ормандарды қорғаудың негізгі міндеттері болып табылатындар:
тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету, ағаштарды дайындаудың және орманды пайдаланудың ережесін белгілеу;
заңсыз кесуден қорғау, орманды пайдаланудың ережесін бұзудан сақтау;
экологиялық функцияларды қорғау және нығайту, орманның өнімділігін жоғарылату;
ормандарды топтарға бөлу және пайдаланудың әр түрлі тәртібімен қорғаудың категориясына бөлу;
ормандарды қайтадан өсіру және ормандарды өсіру үшін шарттармен қамтамасыз ету;
орманды пайдаланудың ғылыми дәлелденген нормасын сақтау, ағаш кесетін жердің есебін шығару;
өрттен, зиянды шіркейлерден орманды қорғау бойынша орман шаруашылығы ұйымдарының және орманды пайдаланушылардың міндеттері;
орман жағдайына теріс әсер ететін объектілердің салынатын жерлерін орман шаруашылығы органдарымен келісу;
орман шаруашылығы органдарының рұқсаты бойынша және орман жағдайын нашарлатпайтын әдістермен орман шаруашылығымен байланысты емес жұмыстар өткізу.
20.2 Жануарлар әлемін қорғау
Көптеген жануарлар санының күрт төмендеуінің негізгі себептері болып табылатындар:
адамдар тұратын жерлердің көбеюі;
жануарларды аулау және оларды жоюдың тура әсері;
белсенді шаруашылық қызметіне жер аудандарының кіруі;
табиғаттың химиялық қосылыстардың әсеріне шалдығуы, биосфераны жарық және шуылмен ластау.
Фаунаны қорғау және қайтадан дамыту бойынша негізгі шаралар болып табылатындар: жабайы фауналардың жүретін жерлерін қорғау; ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру (ұлттық бақтар, қорықтар және басқалары); жабайы фаунаның жағдайын жақсарту үшін биотехникалық іс-шаралар ұйымдастыру; жануарлар, құстар, балықтарды өсіру және шығару; жануарларды қолға үйрету.
1993ж. 21-қазанында бекітілген Қазақстан Республикасында «Жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану туралы» Заңы іс-әрекетке енді. Заң жабайы жануарларды қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану саласында оларға тіршілік ету үшін қолайлы шаралармен қамтамасыз ету мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жануарлар әлемін пайдалану және қорғаудың объектілері еркін және құрғақ, су, атмосфера немесе топырақта тіршілік ететін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректі жануарлар, құстар, жорғалаушылар, қос мекенділер, балықтар, сонымен қатар моллюсктер, шыбын-шіркейлер және басқалары) болып табылады.
Жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалануды реттейтін негізгі қағидалар болып табылатындар:
жануарлар әлемін жеке меншікке алу құқығын іске асыру;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану туралы заңдылықты дайындау және жетілдіру;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты анықтау;
жануарлар әлемін пайдалануға, сонымен қатар қорғауға және қайтадан өсіру үшін төлем ақыларды белгілеу;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану туралы заңдылықтың сақталуын бақылау;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық келісім шартты бекіту және денонсациялау.
Заңда жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалануды ынталандыру қарастырылған, оған кіретіндер: жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды орындау үшін ұзақ және қысқа мерзімге несиелер беру қарастырылған; негізгі табиғатты қорғау қорды амортизациялаудың жоғарғы нормасын және табиғатты қорғайтын объектілердің жылдамдатылған амортизациясын белгілеу.
Жануарлар әлемін қорғайтын іс-шаралар:
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану бойынша ережелер және нормаларды белгілеу;
жануарлар әлемін пайдалану кезінде тыйым салулар мен шектеулерді белгілеу;
табиғи ортаны, көбею шарттарын, миграциялану жолдарын және жануарлардың шоғырланатын жерлерін қорғау және сақтау;
сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарларды кіріпталдық және жартылай еркіндікте өсіру және қорғау;
қорықтар, ұлттық бақтар және басқа да қорғалатын аумақтарды салу;
өндірістік үдерісті жүйеге асыру кезінде жануарлардың құруын болдырмау;
өсімдіктерді қорғауда құралдарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану кезінде жануарларды қорғау;
зоологиялық коллекциялар үшін жануарларды алуды шектеу;
стихиялық апат және басқа себептерде жабайы жануарларға көмек көрсету;
массалық ақпараттау құралдарының көмегімен жануарлар әлемін қорғауды насихатау;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану жөнінде іс-шаралар дәлелдеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
азаматтарды жануарлар әлеміне адамгершілікпен қарау рухында тәрбиелеу;
жануарлар әлемін қорғау, қайтадан өсіру және пайдалану жөнінде басқа да іс-шаралар өткізу және талаптар белгілеу.