6.1 Биоферадағы тірі заттар функциясы мен тұжырымдамасы. Биосфера шекаралары В.И. Вернадский бойынша, тірі организмдерге маңызды геохимиялық күштің рөлі беріледі, ол онымен түсіндірілетін пайда болу механизмдерінде, геологиялық құрылымдарды, заттар айналымында, қатты (литосфера), сулы (гидросфера) және ауалы (атмосфера) Жер қабаттарындағы өзгерістерден «түрлендіргіш» рөлін атқарады.
Тірі заттардың геологиялық рөлі мен химиялық белсенділігінің себептері келесіде:
ферменттердің арқасында тірі организмдер өз денелерінде қалыпты температура мен қысымда (өнеркәсіпте атмосфералық азотты t=5000С және 30...500 атмосфералық қысымда байланыстырады) азот молекулаларын тіркейді;
тірі организмдерде бір ретте немесе бірнеше реттен зат алмасу процесінде химиялық реакциялардың жылдамдығы артады (жаңбыр құрттары 150-200 жыл ішінде өзінен бір метрлі топырақ қабатын өткізеді);
тірі организмдер барлық бос кеңістіктерді тез арада толықтыруға қабілетті (1 га өсімдіктердің жапырақтарының ауданы 8...10 га құрайды);
тірі организмдердің қозғалысы пассивті ғана емес, сонымен қатар, активті (су ағысына, ауырлық күшіне, ауа ағымының қысымына қарсы);
тірі кезіндегі тұрақтылық пен өлгеннен кейінгі тез ыдырауы (айналымға түсуі), бұл жерде жоғары физикалық-химиялық белсенділікті сақтап тұрады;
әртүрлі жағдайларға жоғары бейімделгіштік (адаптация);
тірі заттардың жоғары жылдамдықта жандандырылуы (орта есеппен алғанда ол 8 жылды құрайды, құрғақ жерлер үшін 14 жыл, сулы жер үшін 33 күн).
Заманауи технологиялық үрдістер биосфералық функциялар мен құрылымы жайлы көріністерге біршама өзгерістер енгізеді. Мәселе мұнда, терең кендерде орныққан (көмір, мұнай және т.с.с.) биогенді және биосіресті заттардың үлкен бөлігі нақты түрде ағымдағы табиғи биотикалық айналымнан шығарылып тасталған, алайда, олардың кейбіреуінің саны жасанды түрде биосфера кеңістігіне адаммен енгізіледі. Сондықтан да олар мұндай түрінде биосфераға жатқызылмайды; оған заманауи жаһанды биотаның бақылауындағы элементтер мен сипаттамалар, заттар мен процестер қатысты, бірақ геологияның өткенінде құрылған және көміліп тасталынған табиғат компоненттері қатыспайды.
Басқа геосфералармен салыстырғанда, биосфераның анық шекаралары бар тұтас ортаны білдірмейді. Заманауи биосфераға барлық тірі организмдердің жиынтығы мен қазіргі уақытта табиғи биотикалық айналымға қатысатын, яғни тірі организмдермен қоректенудің, тасымалдау бақылауында болып тұратын литосфераның, гидросфера мен атмосфераның барлық заттары жатады.
В.И. Вернадский биосфераның шекаралары ең алдымен, онда организмдердің көбеюі мүмкін болатын өріспен түсіндіріледі деп белгіледі. Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қабатының орналасу биіктігін қабылдайды, бірақ тірі организмдердің таралу аймағы негізінде тропосферамен шектелген. Жоғарыда белгіленген тіршілік тірі организмдердің анабиоз түріндегі күйінде мүмкін болады. Континенттердің төменгі шекарасы химиялық элементтердің миграциясы бітетін аймақтағы 3...4 км тереңдігімен анықталады. Мұхиттардың астында биосфераның литосфералық шегі аяқталады, түптен төмен 1...3 км тереңдікте. Мұхит суларында тіршілік максималды тереңдіктерге дейін тарайды – 11022 м (Тынық мұхитындағы Мариан науасы).
Әртүрлі деңгейдегі биожүйелердің тығыз функционалды байланысы биосфераны, өзінің номеостазы бар және организмді қоршап отырған ортасын (соның ішінде адамды) биотикалық реттелуін жүзеге асыратын, тереңінен біріктіретін және өздігінен реттелетін жаһандық жүйеге айналдырады.
Биосфераның тірі заттарының 98%-ы жер үсті өсімдіктерінің, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдерінің биомассасымен ұсынылған. Жануарлар тірі заттың жалпы салмағының тек 1,4%-ын ғана құрайды. Қатысты аз биомассасында жануарлардың саны өсімдіктер түрінің санынан төрт есе жоғары болады. Мұнда құрғақ жерлерде өмір сүретін жануарлар саны түрлердің жалпы санының 93%-ын құрайды, су жануарлары тек 3 %-ды құрағанда. Құрғақ жерлерде түрлердің пайда болуы көбінесе омыртқасыз бунақденелілерге қатысты басымырақ, омыртқалылар арасында түрлердің алуантүрлілігі балықтарға сипатты. Боисфераның бүтіндей биосалмағы шамамен 4,9 трлн тоннаны құрайды.