Биосфера ресурстары – бұл тіршілік қабілетін оның пішініне тәуелсіз, адамдардың белсенді түрде шаруашылық іс-әрекетінсіз қолдап тұратын заттар мен энергия болып табылады, мұнда табиғи ресурстардың басқадай мазмұны мен тағайындалуы болады.
Энергия. Биологиялық түрде қолданылатын энергияның басты қайнар көздері, тірі заттардың Жерде өмір сүретін басым көпшілік үшін, күн сәулесі мен тағам болып саналады, олардың органикалық заттарында күн сәулесі шоғырланған. Жер атмосферасының жоғарғы шекарасына жететін күн сәулесінің шашырау саны шамамен 2 кал/см2 мин құрайды. Бұл көлемді сәулелік тұрақты деп атайды. Жарық, немесе табиғи жарықтандырудың түбегейлік экологиялық мағынасы бар, себебі дәл осы күн сәулелері фотосинтез үшін энергияның қайнар көзі болып табылады.
Тағам. Кез келген деңгейдегі ұйымдастықтың барлық организмдері энергия көзі ретінде тіршілік қабілетін сақтау үшін және өзінің өмірлік функцияларын атқару үшін қоректенуді қажет етеді. Жердегі тағам қорының саны өсімдіктердің таза бірлік өнімдерімен анықталады. Бұл шамамен алғанда фитосалмақтың құрғақ затының жылына 140 млрд. т құрайды, ондағы энергия шамасы 2,3x1021 Дж деп қабылданған. Осының барлығын бір жыл ішінде, биосалмағы 2 есе кем гетеротрофтар қолданады. Табиғатта биомасса мен биогенді өнімдерді тағамдық емес мақсатта қолдану қатысты аз болғанмен, адам шаруашылығында әжептеуір пайдаланылады.
Климаттық факторлар. Күн сәулесінің ағынымен шақырылатын атмосферадағы жылулық-физикалық процестер климаттың әртүрлі күйінде жүзеге асады. Күн сәулесін таратуда аймақтық ерекшеліктерді жергілікті аймақтың радиациялық балансы анықтайды және ол бірқатар факторлардан тәуелді болады: географиялық ендіктен, атмосфераның мөлдірлігінен, жер бетінің қасиеттерін шағылыстыратын бұлттанудан, өсімдікті төсеніштің сипатынан. Экологияда экологиялық-климаттық жергілікті аймақ сипатын ажыратады, оған температуралық режим, өсу мерзімінің басталу кезеңін (температураның (+5°) С арқылы өтуін); жауыш-шашын мөлшерін, ылғалдың буланып кетуін, ауа ылғалдылығын, желдердің сипаттамасын: сомалық күн радиациясы, радиациялық баланс және т.б. жатады.