7.1 Биосферадағы биогеохимиялық процестер. Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. Биосферадағы заттардың айналымы В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі өте кең және ғаламдық экологияның көптеген аспектілерін қамтиды. В.И. Вернадскийдің биогеохимиялық заңдарын келтірейік.
Биосферадағы химиялық элементтердің атомдарының биогенді миграциясы әрдайым өзін максималды түрде көрсетуге ұмтылады. Кез келген экожүйенің прогрессивті эволюциясы энергияның жалпы ағынының жоғарылауына алып келеді. Бұл заңдылық тірі заттың таралуға, дамуға қабілеттілігінде көрінеді.
Геологиялық уақыт кезіндегі биосферадағы тұрақты өмір сүру формаларының қалыптасуына алып келетін түрлердің эволюциясы атомдардың биогенді миграциясын күшейтетін бағытта жүреді. Бұл қағидаға сәйкес, эволюция кезінде энергияның жаңа формаларын игеру қабілетіне ие болған және басқа организмдерде жиналған химиялық энергияны толығымен пайдалануға «үйренген» организмдер басым болады.
Тірі организм ғарыштық ортамен үздіксіз химиялық алмасуда болады, және біздің жерімізде Күннің ғарыштық энергиясымен пайда болады. Бұл қағида «биологиялық құрылымның өзіндік қалыптасуы» деп аталатын процестерді түсінуге өте маңызды.
«Биогеохимия» терминін В.И. Вернадский еңгізді. «Био» - тірі организмдерге қатысты, «гео» - тау жыныстарына, топыраққа, ауаға, суға қатысты.
Биогеохимиялық айналым –бұл химиялық элементтердің, протоплазманың барлық негізгі элементтердің сыртқы ортадан тірі организмге және де одан сыртқы ортаға айналымы. Бұл процессте биотикалық, сонымен бірге, экожүйенің абиотикалық бөлігі қатысады.
Экожүйелердегі зат ағынының маңызды бір қасиеті олардың циклділігі болып табылады.
Зат айналымында екі бөлік немесе екі қор ажыратылады:
Қол жетпес (резервті) қор – бұл, негізінен, тірі организмдермен байланыспаған қозғалыстағы заттардың үлкен массасы; биотикалық фазаны өтпейді (мысалы, көміртектің резервті қоры – бұл атмосферадағы, мұхиттағы, атпалы жыныстардағы, карбонат кальцийдің түзілімдеріндегі, тас көмірлеріндегі, мұнайдағы көміртектің неорганикалық қосылыстары);
Қол жетімді (алмасу) қор – кіші қор, бірақ өте белсенді, ол организмдер мен олардың тікелей қоршаған ортасы арасындағы тез алмасумен сипатталады; заттар биотикалық фазаға қосылған (мысалы, көміртектің алмасу қоры – бұл белсенді көміртектің массасы, ол фотосинтез процесі кезінде көміртектермен ассимиляцияланады, содан кейін өсімдіктің тыныс алуына кетеді).
Тұтастай биосфера үшін биогеохимиялық айналымдарды екі негізгі түрге бөлуге болады:
Атмосфера немесе гидросферада резервті қоры бар газтәріздес заттар;
Жер қыртысындағы резервті қоры бар шөгінді циклі;
Биосферадағы негізгі биогенді заттардың айналымын қарастырайық