Конспектісі «Экология»


ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



бет42/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

3 ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


§8. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ӨРКЕНИЕТТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Экологиялық дағдарыс – бұл қоршаған табиғи ортаның табиғи жағдайлары мен адамның іс. - әрекеті арасындағы тепе-теңдік. Басқаша айтқанда, экологиялық дағдарыс антропогендік факторлардың (қоршаған ортаны ластау, ормандарды өртеу, т.б) нәтижесінде немесе табиғи апаттар (су басу, жанартаулардың атқылауы, құрғақшылық, құйын және т.б.) әсерінен табиғи экожүйеде пайда болатын жағдай.


8.1 Антропогендік әсер биосфера эволюциясының геологиялық және геохимиялық факторы ретінде
Адамның іс-әрекеті биосферада болған және қазірде орын алып жатқан процестер мен өзгерістерге әсер етуші негізгі фактор болып табылады: адамның терімшілік түріндегі алғашқы қадамдарынан бастап қазіргі заманғы жаһандық экологиялық дағдарыстарға ынтықтығына дейін.
Алғашқы адам жаққан алау, техногенездің бастамасы болды. Адам азық ретінде қолданылатын күн энергиясына елеулі (балама) қосымшаға жете отырып, осыдан шығатын барлық салдармен, адам табиғаттағы жалғыз энергоконсументтерге айналды. Бұл адамның экологиялық кеңістігін алғашқы қауымдық аңшылар мен балық аулау тауашасына дейін кеңейтті.
Сонымен қатар, бұл кезеңге ормандарды өртеу үшін өрт қолдану да жатады; әуелі қашаулы аңшылық үшін, кейіннен отты – отау егіншілік үшін. Осы дәуірдегі жер қолдану сипатын неолиттік төңкеріс (алғашқы ауылшаруашылық) деп ататйды. Неолиттік төңкеріс шаруашылықтың иеленушіліктен өндіруші түріне өтуін білдірді. Ол табиғатты қолданудың түбегейлі жаңа түрін туғызды. Енді адам табиғи қауымдастықты өзгерте отырып, азық өндіре бастады.
Егіншілікке ауысу қарабайыр агроценоздың қалыптасуына әкелді. Отырықшы, тұрақты қоныстардың құрылуы, еңбектің бөлінуі тұрақты материалдық мәдениеттің - өркениеттің пайда болуына алып келді.
Экологиялық тұрғыдан қарағанда, өркениеттің пайда болуы кездейсоқ болды, себебі бірқатар сирек жағдайлар сәйкестігін қажет етті. Адамдар тауып, меңгеруі керек және өсу үшін жарамды өсімдіктер өсетін, қолға үйретілетін жануарлар өмір сүрген және терімшілік, қарабайыр аңшылық және балық аулау ресурстары тез таусылатын субтропикалық маусымдық ылғалды құнарлы терассалы аңғарларды жинақы қоныстандыруы керек болды. Мал шаруашылығы мен жайылым шаруашылығы, сонымен қоса, кошпелі мал шаруашылығы қатар дамыды. Салмағы бойынша ірі қара мал өнімдері жеміне қарағанда біршама аз, сонда тым болмаса 1/10 жануар азық-түлігі түріндегі өнім алу үшін адамда адам биомассасына тең мал биомассасы, ал жайылым алқабы егістік алқабынан кем емес болуы қажет болды.
Мұнда сипатталатын жүйені адамзаттың экологиялық және экономикалық тарихи шешуші кезеңдері және барған сайын қоршаған ортаға айналған табиғи кеңістіктің экологиясы ретінде қарастырылады.
8.1 - суретте экологиялық дағдарыстың және өркениет тарихындағы төңкерістің байланысы көрсетілген (Раймерс, 1992ж.).

8.1 - сурет – Өркениет тарихындағы экологиялық дағдарыстар мен революциялар


Адамның агроценоз өнімдерін тұтынуынан өсімдік биомассасының және топырақ құнарлылығының табиғи қалпына келуі мүмкін болмады. Көп жағдайда бұл жердердің деградациясына және Таяу Шығыс пен Шығыс Азиядағы ауылшаруашылық өркениетінің ауысуына әкелді. Ауылшаруашылығының және мал шаруашылығының кең таралуы халық санының және тығыздығының артуына себеп болды. «Адам – Табиғат» жүйесіндегі тұрақсыздық түйіні болып табылатын және қазірде әрекет ететін халық саны мен экономикалық өсуін өзара ынталандыру осылай пайда болды.


Берілген механизм бірнеше мыңжылдықтар бойында өзін өзі құрту қаупін жасыра алмады. Бірақ, Ұлы Географиялық ашылулар дәуірінен бастап, бұл өзара ынталандыру өсе бастады. Америкаға және Австралияға еуропалықтарды қоныстандыру, отарлық империяның адамзаттың жаһандық таралу аймағының кеңеюін аяқтады. Ауылшаруашылығы өнімділігінің өсуі мен еңбек бөлінісі арқасында өнеркәсіптің, сауданың тез дамуына және қалаларда адамдардың шоғырлануы үшін жағдай туындады.
Тас көмірдің ашылуымен индустриалды қоғам өнеркәсібінің дамуына күшті серпін берген жаңғыртылмайтын энергоресурстарындағы химиялық жылуэнергетика дәуірі басталды. Сол кезден бастап табиғи ресурстарды жою және қоршаған ортаны ластау басталды. Химиялық жылуэнергетика дәуірі аяқталмай жатып-ақ, ластануға одан да қауіпті қатер туғызатын келесі- ядролық жылуэнергетика дәуірі ұласты.
ХХ ғасырда қоршаған ортаның барлық түрінде бейімделген және орасан зор ауқымда табиғатқа деген тұтынушылық идеологиясын жүзеге асыратын өркениет қалыптасты. Халық санының және әлем экономикасының тез өсуі және олардың өзара ушығуы орасан зор эколого-экономикалық дағдарысқа әкеп соғатын жүйе құрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет