Конспектісі «Экология»


«Биосфера жайлы ілім» Жер туралы ғылымның дамуының заңды кезеңі ретінде. В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера жайлы ілімі



бет31/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
5.5 «Биосфера жайлы ілім» Жер туралы ғылымның дамуының заңды кезеңі ретінде. В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера жайлы ілімі
В.И. Вернадский «биосфераның шегі ең алдымен тіршіліктің өрісімен түсіндіріледі» деп санады, ол биосфераны «тіршілікпен түйіндес жер қыртысының ұйымдасқан, анықталған қабаты» деп анықтады және «биосфера геологиялық түрде мәңгілік» деген маңызды тұжырымға келді. Вернадскийдің айтуы бойынша, биосфераны субстанцияның төрт категориясы қосады:
- тірі зат – барлық тірі организмдердің – микроорганизмдердің, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі және олардың белсенді биомассасы;
- биогенді зат – өлі органикалық әртүрлі пішіні, торф, көмір, биогенді түп-текті мұнай мен газ, сонымен қатар, шөкпелі карбонаттар, фосфориттер және т.б.
- биосіресті зат – тірі заттардың абиогенді ата-тегі бар (топырақ, табиғи сулары, мұнайлы тақтатастар, битуминозды құмдар) минералды жыныстардың биогенді заттарымен қоспасы;
- сіресті заттар – тірі организмдердің әрекетімен еш байланыспаған таулы тектер, минералдар (жер қыртысының жер жарып шыққан жыныстары, магматикалық кен, олардың абиогенді түрөзгерісінің өнімдері және т.б.).
Адамның техногенді әрекетінің нәтижесінде Жер шары биосферасы қайта түрленіп, Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфераға – «сана» сферасына айналады.
«Ноосфера» терминін 1924 жылы атақты француз зерттеушісі Леруа ұсынған болатын, нәтижесінде ол эволюция мәселелерімен айналысатын Пьер Тейяр де Шарденмен – француз палеонтологымен кеңінен қолданылған; В.И. Вернадский бұл терминді тек өз өмірінің соңғы уақыттарында ғана пайдаланған болатын. В.И. Вернадский бұл терминге терең, философиялық мағына берген. Ол табиғатпен бірлескен қоғам дамуы, табиғат пен оның келешегіне үлкен жауаппен қарау қоғамның арнайы ұйымдастығын, осы бірлескен дамуды қамтамасыз етуге қабілетті арнайы құрылымдарды құруды талап етеді деп санаған. Осы көзқарастан шыға келе, ноосфера – оның дамуы мақсатты түрде жүзеге асатын, ал Санасы биосфераның дамуын адам эволюциясының қызығушылықтарына бағыттау мүмкіндігі болатын биосфера күйі деп нақтылауға болады. Ноосфера – біздің ғаламшардағы жаңа геологиялық құбылыс, онда адам алғаш рет ірі геологиялық күш болып табылады. Ноосфера – жаһандық масштабта санаға, ғылымға негізделген әрекеттер дүниесі.
Бірлесіп даму принциптерін орындау, қоғам мен биосфераның коэволюциясын қамтамасыз ету адам баласынан өз әрекеттерін регламенттеуін, белгілі бір шектеулерді талап етеді. Қазірдің өзінде адам баласы ғаламшарды шекті сызыққа дейін жеткізді, ал одан әрі қайтарылмас процестер басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет