6.2 Адам – эволюция заңдары көзқарасынан. Адам экологиясы. Адамның экологиялық тауашасы Адам – тірі организмдердің Жер бетінде дамуының жоғары баспалдағы. Ол, И.Т. Фроловтың айтуынша (1985), - «қоғамдық-тарихи процестің, Жер бетіндегі заттай және рухани мәдениеттің дамуының субъекті, генетикалық жағынан басқа тіршілік формаларымен байланысқан, бірақ олардан қару - жарақтарды жасай алу қабілеттілігімен бөлінген биоәлеуметтік тіршілік иесі, анық сөзі мен есі бар, шығармашылық белсенділігімен және адамгершілікті өзін-өзі тануға бейім».
Адамның биоәлеуметтік табиғаты биологиялық және әлеуметтік элементтері кіретін, оның өмірлік шарттарының бірлік жүйесімен анықталатындығымен айқындалады. Бұл оның тек биологиялық қана емес, сонымен қоса, әлеуметтік бейімделгіштік қасиетін тудырады, яғни жеке аралықты және топтық іс-әрекеттің болуына, берілген қоғамда, санатта, әлеуметтік топтағы нормалармен және әлеуметтендіру процесіндегі құндылықтармен келтірілуі (бұл жайлы білімді игеру жолымен қоғамда не класта т.с.с.). адам табиғатының бұл аймағын олармен өте тығыз байланыстағы (әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және т.б.) әлеуметтік дисциплинаның үлкен тобы зерттейді. Адамның биологиялық бейімделгіштігі жануарлар дүниесінен айрықша ерекшеленеді, себебі тек оның биологиялық функцияларын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік факторлардың өспелі күйіндегі әлеуметтік функцияларын сақтауға ұмтылады. Соңғы жағдайдың маңызды экологиялық мағынасы бар және өзін экологиядағы «адам» түсінігінде тапқан болатын.
Адам (немесе адам тобының) және биосфера арасындағы қарым-қатынастардың, адамға (немесе адамдар тобына) табиғи және әлеуметтік орталардың әсер етуінің жалпы заңдарын адам экологиясы ғылымы зерттейді.
Адам эволюциясы. Адам жатқызылатын гоминид әулеті Жердің экваторлық бөлігінде пайда болған, ал Адам тегі – африканың шығыс бөлігі мен Оңтүстік Азияда. Бұрынғы заманда Жер бетінде екі әулеттерге: австролопитектер мен қарапайым адамдар жатқызылатын гоминидтердің бірнеше түрі болды, олардан тек бір түр - Homo sapiens – саналы адам ғана сақталған. Қандайда бір түр сияқты, адам қоршаған ортадан тек қана тәуелді емес, сонымен қоса, оған әсерін тигізеді. Бірақ жануарларға қарағанда адамның ақыл-парасаты болады. Осы қасиеті оған ең басты факторлардың бірінен – тағамдық ресурстардың жеткіліксіздігінен «уыт» табуға мүмкіндік берді: ауылшаруашылығы – малшылық пен егіншілік. Бұл оқиға шамамен 10 мың жыл бұрын болды. Адам өзінің жеке экологиялық жүйесін құра бастады.
Адамның ойлау қабілеті, қажетті еңбек құралдарын жасау, оған уақытша ғана болса да, қарапайым абиотикалық және биотикалық факторлардың әрекетін өткеруге мүмкіндік берді. Б.Небелдің (1993) айтуынша, олардың әсерін адам келесі жағдайлар арқасында өткере алды:
азық-түлік молшылығын жасай отыра (бірақ та оны тартумен әлі де қиындықтар туындайды);
су қоймасын құрып, тұрғын жерлер мен жазық жерлерге су жіберу;
аңдармен және басқадай ауыр жарақат әкелетін организмдермен күресу заттарын құрастыру;
үй салу мен оларды өз қалағандарынша жылытып салқындатуды үйрену;
басқа түрлермен бәсекелесті күрестен жеңіп шығу.
Адам баласы, шектеуші факторлардың әсерін жеңуді үйренгеннің өзінде олардан 100%-ға жеңіске жете алмады. Мысалы, адам климаттық құбылыстардан – ыстық пен суықтан, құрғақ пен жаңбырдан және т.с.с. тәуелді болып қала береді. Қандайда бір түр сияқты, адам да биосферада, жаһандық экожүйеде сияқты, белгілі бір экологиялық тауашаның орнын басады. Экологиялық тауаша (ниша) түсінігін қолдану жануарлардың табиғи популяциясына қарағанда, адамға шарттырақ. Алайда, берілген жағдайда тауашаның табиғат экономикасында биологиялық түрдің «кәсіби» қызметі ретіндегі түсінігі біршама айқындау. Жануарлардың экологиялық тауашаларына қарағанда адамның экологиялық тауашасы әрдайым өзгеріске ұшырап отырды, адамның тарихи дамуымен қатар, өспелі жылдамдықпен артып отырды. Мұнда адамның өзі осы өзгерістердің субъектісі болды. Экологиялық тауашаларды жалпылай сипаттау үшін әртүрлі амалдар мүмкін, бірақ сандық сипаттамалар үшін энергетикалық қажеттіліктер мен адам шығындарына баға беру маңыздырақ. Энергиямен қамтамасыздандырудың әрбір тәсілі, жиі уақытта популяциялардың ұзақ уақыт бойы тіршілік етуі үшін қажет қорек өнімдерімен энергия алуды экологиялық тауашаның энергетикалық эквиваленті деп қарастыруға болады (Горшков, 1990). Осылайша, адам әлеуметтің бір бөлігі болса да, табиғат әрқашан адамның өмір сүруінің факторы болып қала береді, онда онымен жасанды құрылған ортасы да, қоғамдық ұйымдастықтар мен институттар (әлеумет) да кіреді. Жасанды тіршілік ету ортасы да адамға ықпалын тигізеді, яғни мұнда кері байланыс пайда болады, бірақ ол адам популяциясында өтетін биологиялық және әлеуметтік процестерге де әсерін тигізеді.