Конспектісі «Экология»



бет37/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
7.1.3 Азот айналымы (7.2 - сурет) Азот атмосферада газ түрінде болады. Атмосфералы азот тек қана бактериялар мен балдырлардың тіршілік әрекеті арқасында тірі материяның бөлігі болады, өйткені оларда азотты органикалық қосылыстарда және нитраттарда белгілеу қабілеттілігі бар. Бұршақты өсімдіктердің тамырларында (беде, соя, бозқараған) азотбелгілеуші бактериялар болатын кішкене түйнектер пайда болады.





    1. - сурет - Табиғаттағы көміртегі айналымы процесінің схемасы



7.2 - сурет – Азот айналымы


Азоттың бір бөлігі теңіздер мен мұхиттардың түбінде тұнып айналымнан шығады, дегенмен бұл шығын жанартау атылуы кезінде бөлінетін азотпен толығымен дерлік толтырылады.
Жануарлар мен өсімдіктер азотты нитраттар түрінде сіңіреді. Азоттың көп бөлігі тірі жүйелерге аммиак түзетін бактериялардың көмегімен түседі. Аммиак тірі организмнің ыдырау процесі кезінде бөлінеді. Біріншіден, нитриттер, содан кейін нитраттар түзіледі. Кейбір бактериялардың газ тәріздес азотты бөле отырып, нитраттарды ыдырату қабілеті бар.
Адам қоршаған ортаға оның шаруашылық (тыңайтқыштарды еңгізу) және өндірістік (пайдаланылған газдар, өнеркәсіп шығарындылары) қызметі нәтижесінде айналатын жаңа нитраттар мен газ тәріздес азот оксидтерін енгізе отырып, азот айналымына ықпал етеді.
7.1.4 Фосфор айналымы (7.3 - сурет). Табиғатта фосфор бірқатар тау жыныстарында көп мөлшерде кездеседі. Бұл жыныстардың бұзылу процесі кезінде фосфор жер экожүйесіне түседі немесе жауын-шашынмен сілтіленіп (шайылып) гидросфераға түседі. Екі жағдайда да бұл элемент азық тізбегіне қатысады.




7.3 - сурет – Табиғаттағы фосфор айналымы


Көпшілік жағдайда организм – редуценттер фосфоры бар органикалық заттарды неорганикалық фосфаттарға минералдандырады, олар өсімдіктермен қайтадан пайдаланылады және де қайта айналымға қатысады.
Мұхитта өлі органикалық қалдықтармен бірге фосфаттардың бір бөлігі терең тұнбаларға түседі және айналымнан шығып сонда жинақталады. Фосфордың табиғи айналым процесі қазіргі жағдайларда ауылшаруашылығында фосфорлы тыңайтқыштарды пайдаланумен интенсивтенеді, олардың көзі минерал фосфаттардың кені болып табылады. Бұл қауіп-қорқыныштың себебі бола алады, өйткені фосфордың тұзы мұндай пайдалану кезінде тез сілтіленеді, ал минералды ресурстарды пайдалану ауқымы әрқашан өсіп отырады, қазіргі уақытта жылына 2 млн. тоннаны құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет