Конспектісі «Экология»


Тұрақты дамудың тұжырымдамасы және оның қағидалары



бет55/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

9.4 Тұрақты дамудың тұжырымдамасы және оның қағидалары
Тұрақты даму тұжырымдамасы – әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешімдері және қоршаған ортаны сақтау арасында әлемдік теңдікті қамтамасыз етуден шығатын өркениет дамуының үлгісі.
Тұрақты даму тұжырымдамасы негізгі бес қағидаға негізделген:

  1. Адамзат шынымен ұзақ мерзімді және тұрақты сипаттағы даму беруге қабілетті, қазірде өмір сүріп жатқан адамдардың қажеттіліктеріне болашақ ұрпақты өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндіктерінен айырмай беруі.

  2. Табиғат ресурстарын пайдалану туралы қолданыстағы шектеулер салыстырмалы. Олар заманауи техниканың және қоғамдық ұйымдардың дәрежесімен, сонымен қатар, биосфераның адам іс-әрекетінің салдарын жеңе білу қабілетімен байланысты.

  3. Барлық адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет және жақсы өмір жағдайына үмітін іске асыруға мүмкіндік беру. Бұлсыз тұрақты және ұзақ мерзімді даму мүмкін емес. Экологиялық жүйе басқа апаттардың болуының басты себептерінің бірі – әлемде күнделікті құбылысқа айналған кедейлік.

  4. Үлкен қаражат (ақшалай немесе шикізат), ғаламшардың экологиялық мүмкіндіктері бар, атап айтқанда, салыстырмалы тұтыну қуаты барлардың өмір салтын келістіру керек.

  5. Халықтың өсу қарқыны мен көлемі Жердің жаһандық экожүйесінің өзгеретін өндірістік қуатына негізделуі керек.

9.5 Түрлі деңгейлерде тұрақты дамудың іске асуы: жаһандық, аймақтық және ұлттық
Тұрақты дамудың тұжырымдамасының жүзеге асуы бірнеше деңгейлерде ескерілуі керек: жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекет аралық, жаһандық.
Жергілікті және аймақтық деңгейлерде тұрақты дамудың іске асуы негізінен табиғи ресурстардың болуымен, халық өмірінің деңгейімен, қоршаған орта жағдайымен және т.б сипатталатын жергілікті шарттармен анықталады.
Мемлекетаралық және жаһандық деңгейде тұрақты дамудың жүзеге асырылуы үшін, сонымен қоса, тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыру процесінде барлық қатысушылардың өзара тиімді ынтымақтастығын талап етеді.
Тұрақты дамуды жүзеге асырудың ұлттық деңгейінде үкімет және мемлекеттің ерік білдіруі, сонымен қоса, мемлекеттің экономикалық саяси, әлеуметтік және т.б. даму жағдайы анықтаушы фактор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет