Конспектісі ele 2216 «Электротехника» пәні tk 07 «Технологиялық қамтамасыз ету»



бет8/13
Дата18.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#117935
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бақылау сұрақтары:
1. . Кирхгофтың заңдарын қолдану. Суперпозиция әдісі. Түйіндік кернеу әдісі. Контурлы токтар әдісі дегеніміз не?
2. Кирхофтың теңдеулер əдісімен электр тізбегін есептеуді түсіндіріңіз.
3. Электр энергиясы қорек көздерінің тізбектеліп жəне параллель қосылған түрлерін түсіндіріңіз.
5. Эквивалентті түрлендіру əдісі.
6. Потенциалдық диаграмма құру.
ТАҚЫРЫП 3. Қарапайым тұрақты электр тізбектерін талдау.
Дәріс жоспары:

  1. Тұрақты тоқ жайлы мағұлмат

  2. Тұрақты тоқты өндірушілер

Қазіргі таңда техника салаларын электрсіз елестету мүмкін емес. Сол арада, электрлік аппараттарға деген талаптар мен қоректендіретін токтың түрі де тығыз байланысты. Айнымалы ток бүгінгі уақытта бүкіл әлемге таралғанымен, тұрақты ток та өз қолданыс аясынан шыққан емес.


Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты токты іске асырудың алғашқы көзі ретінде гальвани элементін қарастыруға болады. Гальвани элементі бір бағытта қозғалатын электрондар ағымына негізделген тұрақты токты химиялық жолмен береді. Осыдан атауы да «тұрақты ток» деп берілген. Қазіргі уақытта тұрақты токты батареялар мен аккумуляторлардан ғана емес, айнымалы токты түзету арқылы да алуға болады. Бұл мақалада тұрақты токты қандай салада және не үшін қолданатыны туралы баяндайтын боламыз.
Алдымен электротранспорттың жүк қозғалтқыштарынан бастайық. Метро, троллейбус, теплоход, электричкалар дәстүрлі түрде тұрақты токпен қоректенетін қозғалтқыштардың көмегімен қозғалысқа түседі. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айнымалы ток қозғалтқыштарынан бір айырмашылығы бар. Тұрақты ток қозғалтқышымен жоғары айналу моментінде (высокий крутящий момент) жылдамдықты бірсарынды өзгертуге болады.
Айнымалы кернеу қосалқы жүк станциясында түзеледі де, түйіспе желіге өтеді, — осылай қоғамдық электротранспорттарды қоректендіретін тұрақты ток алынады. Теплоходтарда қозғалтқышты қоректендіру үшін керек электр тұрақты токқа негізделген дизель генераторынан алынуы мүмкін.
Электромобильдерде де аккумулятордан қоректенетін тұрақты ток моторлары қолданылады. Тұрақты ток моторларының екі артықшылығы бар: 1) жетектің жоғары айналу моменті; 2) қайтарымдық тежеу (рекуперативное торможение). Тежеу моментінде мотор тұрақты ток генераторына айналып, аккумуляторды зарядтайды.
Металлургия зауыттарындағы қуатты көтергіш крандар да тұрақты ток моторларын қолданады. Сонымен қатар, крандардан бөлек экскаваторлар да тұрақты ток моторларымен жұмыс істейді.
Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы. Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді. Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель, тізбектеле және аралас қоздырылатын, сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады.
Тұрақты ток генераторы қазіргі кезде әртүрлі өндірістерде, транспорттық қондырғыларда (кең диапазондағы айналу жылдамдығын реттеуде электр сымдарын қоректендіру үшін электролизді өндірістерде, теміржол тасымалдауда және т.б.) кеңінен қолданылады.
Тұрақты ток генераторы электр қозғалтқыш, бу және гидравликалық турбиналармен немесе ішкі жану қозғалтқыштармен айналуға жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет