Конспектісі ele 2216 «Электротехника» пәні tk 07 «Технологиялық қамтамасыз ету»



бет13/13
Дата18.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#117935
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бақылау сұрақтары:


ТАҚЫРЫП Үш фазалы тізбектері
Дәріс жоспары:

  1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

  2. Үшфазалы электр тізбектері

  3. Үш фазалы электрмен жабдықтау орамдарын қосу жолдары.

Өнеркәсіпте үшфазалы электр жүйелері электр энергиясын аз шығындармен алыс қашықтықтарға беру үшін ең қарапайым және үнемді болып табылады. Үш фазалы ток, (Электротехника) үш фазалы жүйе — жиілігі мен амплитудасы бірдей, ал фаза жағынан периодтың 1/3 бөлігіне ығысқан гармониялық үш ток жүйесі. Үш фазалы ток жүйесін 1888 ж. М.О. Доливо-Добровольский ашқан. Үш фазалы ток энергиясы үш кейде төрт өткізгіш сым арқылы беріледі. Орамның «жұлдыз» схемасы бойынша байланысуы кезінде барлық үш фазаның аяғы (немесе басы) өзара байланысады. Олар ортақ бейтарап немесе нөлдік нүкте түзеді.



Ал үш фазаның еркін қысқыштары басымен (немесе аяғымен) ауыспалы ток электр энергиясы көзіннің (немесе қабылдауыштың) өткізгішіне қосылады. «Жұлдыз»«үшбұрыш» арқылы байланысуы үлкен қуатты трансформаторлар үшін, төменгі кернеу жағында бейтарап өткізгіш қажет етілмеген жағдайларда пайдаланылады.. Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады. Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады. Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:





Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларын жұлдызша және үшбұрыш сұлбаларымен жалғау тәсілдері қолданылады. Генератор орауыштарын жұлдызша түрінде қосқанда үш орауыш қысқыштарын бір нүктеге қосады , оны генератордың нейтральды нүктесі N деп атайды. Генератордың нейтральды нүктесін N жерлестіреді. Нейтральды сым деп генератор мен жүктеменің нөлдік нүктелерін жалғайтын сымды атайды. Нөлдік сымның тоғын In деп атаймыз. Генератордың А, В, С нүктелерін жүктемемен қосатын сымдарды сызықтық деп атаймыз. Соларда өтетін тоқты сызықтық деп атап, оларды IA,IB, IC деп белгілейді.





Сызықтық сымдардың арасындағы кернеуді сызықтық деп атап, көбінесе екі индекспен белгілейді, мысалы UAB (А және В фазаларының арасындағы сызықтық кернеу). Сызықтық кернеудің модулін Uл белгілейді. Генератордың әрбір үш орауышын генератор фазасы деп атайды; әрбір үш жүктемесін – жүктеме фазасы; солар арқылы өтетін тоқтарды – генератордың фазалық тоқтары Iф, ал олардағы кернеуді фазалық кернеулер (Uф) деп атайды.

Жұлдызша сұлбасында: сызықты кернеулер фазалық кернеулерден түбір асты үш мәніне артық болады немесе төмендегі қатынастай болады: Сонымен нөлдік сымның атқаратын қызметі тұтынушының фазаларында бірдей кернеуді ұстап тұру үшін қажет.Нөлдік сымның арқасында тұтынушының әр фазасы генератордың фазасына параллель қосылады.Сондықтан жүктеменің кез-келген өзгерістерінде тұтынушыдағы және генератордағы кернеу бірдей болады.Егер үш фазадағы тұтынушының саны симметриялы болатын болса, нөлдік сымда ток күші болмайды.Бұл дегеніміз симметриялы жүктемедеүш фазалық жүйе үш сымдық болуы мүмкіндеген қорытынды жасалынады. Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын үшбұрыштап қосу. Үш фазалық генератордың бірінші орамасының соңын х – ті екінші ораманың басы В мен, ал екінші ораманың соңы у - ті, үшінші фазаның басымен, үшінші фазаның соңы z –ті бірінші фазаның басы А мен жалғайды. Мұндай генератор орамаларының қосылуын үшбұрыштап қосу деп атайды. Генератордың контурында әсер ететін ЭҚК-тің симметриялы жүйесі нөлге тең болатын қосындыға ие: ЕА+ЕВ+ЕС=0 Бұл жағдайда ток көзінің бос жүрісінде, оның орамында ток жоқ болады.

Үшбұрыш жалғау сызбасындағы кернеу және тоқ шамалары Фазаларды үшбұрыш сұлбасы бойынша қосу үшін бір фазаның аяқы ұшын екінші фазаның басқы ұшымен, екінші фазаның аяқы ұшын үшінші фазаның басқы ұшымен, ал үшінші фазаның аяқы ұшын бір фазаның басқы ұшымен қосады. Сұлбада бейтарап сым болмайды. Сондықтан генератордан шыққан (қоректендіргіштің) сызықты кернеулері оның фазалық кернеулеріне тең болады: Егер, UAB = UА , UBC = UB , UCA = UC немесе Uф=Uс Ом заңы бойынша қабылдағыштың фазалық токтары





Негізгі әдебиеттер:



  1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 б.

  2. Ахметбаев Д.С. Электр техниканың теориялық негіздері : оқулық электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, докторанттар мен инженер-техник мамандар үшін де пайдалы / Д. С. Ахметбаев ; Алматы энергетика және байланыс университеті. - Алматы : ЖШС "Лантар Трейд", 2019. - 329 б.

  3. Есимханов, С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері (Айнымалы тоқтың электр тізбектері) [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Б. Есимханов, 2014. - 64 б.

  4. Алимгазинова Н.Ш., Манапбаева А .Б. Электр техниканың теориялық негіздері: бaкaлaвриaт мaмaндықтaрының студенттеріне aрнaлғaн, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2017- 228б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Блохин, А. В. Б70 Электротехника : учебное пособие / А. В. Блохин. – 2-е изд., испр. – Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2014. – 184 с.

  2. Электротехника и электроника: краткий курс лекций / Сост.: О.Н. Чурляева // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016. – 86с.

  3. Макенова Н.А. Решебник по электротехнике: учебное пособие / Н.А. Макенова Хохлова Т.Е., Томский политехнический университет.-Томск. Из-во ТПУ,2015-165с.

Бақылау сұрақтары:



  1. .Фаза және сызықтық кернеулер арасындағы қатынастар қандай?

  2. Қандай жүктеме симметриялы және қандай жүктеме асимметриялық болып табылады?

  3. Бейтарапты ауыстыру деген не және ол қалай анықталады?

  4. Бейтарап дирижер жоқ жұлдызды байланысты жүктеме кернеу теңгерімсіз жүктемені қалай?

  5. Бейтарап сымның мақсаты қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет