Конспектісі ele 2216 «Электротехника» пәні tk 07 «Технологиялық қамтамасыз ету»



бет4/13
Дата18.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#117935
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Электротех лекции каз для неэлктр спец

Бақылау сұрақтары:
1. Электр тізбегі, электр сызбасы, электр тізбегінің тізбегі дегеніміз не? Электр тізбегінің сызбасын жасау кезінде электр сызбасының рөлін түсіндіріңіз.
2. Электр тогы, электр кернеуі, электр қозғалтқыш күші дегеніміз не? Егер формальды түрде электрлік кернеу мен электр қозғалтқыш күш бірдей өрнектермен анықталса, онда бұл түсініктер арасындағы айырмашылық қандай?
3. Ом заңының мәнін, тізбек аймақтарындағы Ом заңы мен толық тізбектегі Ом заңы туралы жазыңыз.
4. Электр энергиясы көзінің сыртқы сипаттамасы дегеніміз не?
5. Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарын құрап көріңіз.
6. Эквивалентті генератор әдісінің маңызы неде?
7. Желілік тізбектердегі келтіру қағидасы туралы айтыңыз.
ТАҚЫРЫП 2. Электротехникалық жүйелер негіздерінің негізгі заңдары.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:





  1. Электр тізбек элементтерінінің жалғану түрлері

  2. Ом және Кирхгоф заңдары

  3. Электр тізбегін есептеу әдісі.

  4. Контурлы токтар әдісі

  5. Эквиваленттік түрлендіру сұлбасының әдісі

  6. Потенциальды диаграмма құру

Энергия қабылдағыштарды тізбектей, параллель жəне аралас жалғауға болады.
Қатарлап (параллель) қосылған деп электр тізбегіндегі эле-менттердің тек бір ғана кернеу астында болуын айтамыз. Параллель қосылған резисторларда (5-суретті караңыз) ток төрт тармаққа тармақталады. Мұндай жағдайда тізбектің жалпы кедергісі азаяды немесе жеке тармақтар өткізгіштіліктерінің қосындысына тең тізбектін жалпы өткізгіштілігі көбейеді.
Бұл айтылғандарға оңай көз жеткізуге болады. Ол үшін парал­лель қосылған өткізгіштердің санының көбеюін өткізгіштің көлденең қима ауданының өскендігіне бара-бар деп караса болғаны. Со­нымен барлық өткізгіштер жиынтығының өткізгіштілігін g әрпімен, ал әрбір жеке өткізгіштердің өткізгіштілігін g1 g2, g3 және g4 деп белгілесек, мынадай теңдеу аламыз:
g = g1 + g2 + g3 + g4 (1.19)


Өткізгіштілік кедергіге кері шама болғандықтан бұл формуланы мынадай түрде жазуға болады:


1/R= 1/R1 + 1/R2+ 1/R3+ 1/R4 (1.20)


Бұл формулада R параллель қосылған төрт резисторлардың жалпы немесе балама кедергісі. Балама кедергінің мәні берілген төрт резисторлардыц қай-кайсысынан болса да кіші болады.
Алынған теңдеулерді дәлелдейік. Тармақталмаған тарамдағы токты I, және тарамдардағы сәйкес токтарды — І1, І2, І3, І4, а және б нүктелері арасындағы кернеуді — U, осы нүтке аралығындағы жалпы кедергіні — R әріптерімен белгілейік. Ом заңы негізінде мы­надай теңдіктерді жазайык:


I = U/R


I1 = U/R1


I2 = U/R2


I3 = U/R3


I4 = U/R4


Кирхгофтың бірінші заңы бойынша:


І = І1 + І2 + І3 + І4


немесе
U/R = U/R1 + U/R2 + U/R3 + U/R4


Алынған өрнектің екі жағын да U-ға кыскартып біржолата 1/R= 1/R1 + 1/R2+ 1/R3+ 1/R4, теңдегін аламыз, дәлелдеу керегі де осы.
Алынған формула параллель қосылған резисторлардың кез-келген санына дұрыс келеді. Дербес жағдайда, егер электр тізбегінде параллель қосылған екі резисторлар R1және R2 болса, онда мы­надай теңдеу жазуға болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет