Әдебиетте сөз өткіртартымды, әсерлі болу үшін, сөз таңдау, ауыстырып айтудан басқа да әдістер қолданылады. Жазушы, ақындар кейде дағдыдағы синтаксисті аттап өтіп, синтаксистің өзгешелеу түрін жасайды.Сөйлемді айтылып жүрген қалпынан өзгертіп құрады. Бұл алтыға бөлінеді: 1) арнау, 2) қайталау, 3) шендестіру(антитеза), 4) дамыту, 5) инверсия, 6) элипсис.
Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе,арнау дейді. Бұл үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Жарлай арнау. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңі осыған мысал болады. Мұнда бір адамға, не бір нәрсеге емес, көпшілікке қайырыла сөйлейді.
Сұрай арнау. Жазушы біреуге не, көпшілікке қайрыла сөйлесе және сол сұрағанына жауап күтсе, сұрай арнау дейді. Мысалы: «Қобыланды» жырынан;
Желі толған сары түйе,
Аға жан кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы,
Күн көке кімге тапсырдың?
Сұрай арнаудың бір түрі – риторик сұрау (грекше – rhetoz - шешен), ойын сұрау, жауап ретінде айтушылық. Риторик сұрау жауапты керек етпейді. Сұрай аронауда да жауап беру міндетті болмаса да, оқушыға бұл сұрауды неге беріп отыр деген ой түсуі мүмкін.
Ал риторикалық сұрауда сұөраудың не үшін қойылатындығы оқушыларға түсінікті, әр сұраудың жауабы оқушылардың ойында тұрады. Мысалы, Абайдың мына өлеңі:
Балалық өлді білдің бе?
Жігіттікке жеттің бе?
Жігіттік өтті көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?
Риторикалық сұраумен жазылған өлең.
Зарлай арнару. Көрокем шығармаларда қаһармандар басына талай қиын хал, жағдайлар кездеседі. Қаһармандардың аур халін мұңды, зар күйде суреттеуде зарлай арнау шығармада ерекше орын алады. Зарлай арнау монолог тұрінде кездеседі. Қаһарман көпшілікке, не біреуге немесе басқа бір нәрсеге қайрыла сөйлегенде, өз басының ауыр хал, қиын жағдайын өте зарлы, мұңды түрде баяндайды. Әр сөзі жан жарасын сездіргендей болады.
Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қ а й т а л а у деп атайды. Қайталаудың да бірнеше түрі болады: жай қайталау, анафора, эпифора, еспе қайталау. Анофора (грекше – anaphora - биіктеу, жоғары шығу). Қайталаудың екінші бір түрі анафора. Анафора деп өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айтады.
Эпифора (грекше – epiphora; ері – соңғы, рhoros – алып жүру). Өлең шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады. Қайталаудың бұл түрін эпифора дейді.
Алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып, қайталап айтуды еспе қайталау дейді. Мысалы:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім, Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің, Сен де де айрылдың еліңнен.
(Махамбет.)
Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем ішіндегі сөздерді жай кездегі реттерін өзгертіп, сөйлем мүшелерін екінші орынға қоюшылық жиі кездеседі.
Осы секілді, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдануды и н в е р с и я дейді.Инверсия (латынша inversio – орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жұүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
(Ә. Сәрсенбаев).
Осы өлнңдегі әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: Ол аяғын тізеден кесіп, ақшаға сатқан жоқ; қолтықтағы ұзын таяғын еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, түсіндің бе қарағым? Сен оны құрметте! Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки элипсис (грекше ellipsis – түсіріп тастау, тастап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету. Ақ көбігің… ақ жүзің Сол майдандар… қатты айқас
Айнам еді бір қарар. Есіңде ме, ер Айдар?
Өткізген түнім… күндізім… Өшкен құрбан… аққан жас…
Тербетер мені, ой салар. Өтті жылдар… көп айлар.
(Ж. Саин).
Элипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады:
- Шап, әкеңнің… - дедім мен оған ақырып («Мөлдір махаббат»).
Фигураның тағы бір түрі - егіздеу, яки параллелизм (грекше paralleos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның да түрлері көп.
Мағына жағынан біріне-бірі қарама-ұарсы, аралары алшақ жатқан: екі нәрсені бетпе-бет қоюды ш е н д е с т і р у (а н т и т е з а) дейді. Шендестіру(грекше – antithesis – қарама-қарсылық). Антитезада бір нәрсені екінші нәрсеге қарсы қоюмен, үшінші нәрсенің қандай екенін анықтайды. Ақ пен қараны қатар қойсақ, арасы алшақ екі түс шендескенде, ақтың ақтығы анық көрінеді.Бұл үшін неғұрлым арас ы алшақ жатқан нәрселерді бір-біріне бетпе-бет қойса, солғұрлым анықталатын нәрселер күшті шығады.
Мысалы:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр.
(«Тарғын» жырынан.)
Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды д а м ы т у – г р а д а ц и я – дейді. Дамыту (латынша – gradatio – біртіндеп күшейте түсу). Дамыту жай сөзде де, жазушылардың сөзінде де жиі кездеседі. Өлеңді тартымды, әсерлі болу үшін ақындар дамыту әдісін көп қолданады.
Мысалы:
Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан,
Мұздан суық бұлтқа ұшқан,
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?
(Тайыр.)
Осы айтылған сөздің өткірлігін, әсерлілігін күшейтетін барлық синтаксистік сөйлем құрастыруларды,бір сөзбен айтқанда, ф и г у р а деп атайды. Фигуралар сезім күші кернеген сөздерде қолданылады.
6.Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Көркем шығарма тілі поэтикалық айшықтаулар. Реферат жаздырту.
Әдебиеттер:
Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.35-42 б.
Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 150—235 б.
Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.23-39 б.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.