Көркем тілдердің басқа түрлері басқа түрлері өмір құбылыстарын сурет арқылы көзге елестету міндетін қойса, өз мағанасында қолданылатын сөздерге ол міндеттер қоймайды.
Эпитет те, теңеу де ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем сөздер саналады және әдеби шығармаларда мейлінше жиі кездеседі.
Адамның не заттың, не табиғаттың құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрін эпитет дейді. Мысалы:
Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымхқыл тұман жерді басқан
(Абай.)
Мұнда сұр және суық сөздері эпитет. Эпитетті қолданғанда жазушылар жай қолдана салмайды. Белгілі мақсатпен қолданады.
Эпитет жазушының суреттеген құбылысымен белгілі жағдай, кезеңдермен байланысты болып отырады. Қуанышты, шаттық, жігер туғызу үшін жазылған әңгімелерде әңгімелерде эпитет бір түрлі, қапалы көңілсіз өмірді суреттеу үшін екінші түрлі эпитет қолданылады.
Эпитет болатын көбіне сын есім, (ақшыл бұлт, ащы дауыс, Қызыл ту). кейбір зат есімдер; (күміс ай, алтын күнг, меруерт жұлдыз), есімше, көсемше етістіктер; (қайнаған күн, жайнаған күн, гүлденіп, ай малап), көбіне осы сықылды затты анықтайтынсөздер болады. Бірақ тілдегі барлық сын есім, барлық анықтайтын сөздер кез келген южерде эпитет бола бермейді. Өйткені сын есім жай ғана, өз мағанасында қолданылса, бір нәрседен екінші нәрсені айыру үшін ғана айтылса, ол эпитет болмайды. Эпитет болу үшін, сол нәрсені анықтай көрсетумен қатар, сол эпитеттің тигізетін әсері болуы керек. Сондықтан сын есімдердің, анықтайтын сөздердің кейбірі нәрсенің жай ғана сынын, қалпын көрсетсе, кейбірі эпитет болады.
Мысалы: қара, қызыл, ақ, биік, аласа, толқынданған, ақшыл деген сөздер бір жерде эпитет болса, екінші ждерде эпитет болмайды. Бұлар суреттеген нәрсенің әсерін күшейту үшін, оқушы сол нәрсенің суретін көз алдына елестету үшін қолданса, эпитет болады.
Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды.
Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылыкөзге елестету. Мысалы:
Дауылпаз
Нажағайдай жарқылдайды
Оқтай зымырап бұлтқа енеді
(Горький.)
Теңеулердің көпшілігі зат есімге,есімше етістікке жалғанған –тай(тей),-дай(дей),-ша(ше) және –дайын(дейін) жұрнақтары арқылы жасалады.
Троптың өзгеше бөлінетін бір түрі синекдоха деп аталады.Бұл бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін(басың нешеу),бөлшектің орнына бүтінді(жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану. Біреуге басың нешеу?дегенде оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамы бар екенін сұрап отырмыз.
Аллегория-троптың бір түрі. Аллегорияда пікір астарлы келеді.
Әдебиетте дерексіз ұғымдарды деректі ұғымға айналдырып, әрқайсысы бір нәрсені не айуандарды мегзейтін сөз образын аллегория дейді. Аллегория көбіне мысал өлеңдерде кездеседі. Адамдардың жасайтын әр алуан істерін; айла-амалдарын, мінез-құлықтарын айуандардың араларында болған нәрсе етіп суреттейтін, эпостық жанрдың бір түрі саналатын сюжетті, қысқа өлеңдерді мысал өлең деген, соның образ жасау үшін қолданылатын сөздерінің көпшілігі аллегория болады.
Әдебиеттер:
Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.3-12 б.
Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 130—135 б.
Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.3-9 б.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.