Педагогикалық өлшеулердің ұйымдастыру қызметі оқу үдерісінің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын анықтауда көрінеді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қосымша сабақтар мен консультациялар өткізу қажеттілігі туралы, үлгермеген, оқуында қиыншылық туындаған білімалушыларға көмек көрсету туралы, жақсы жұмыс істеген білімалушылар мен педагогтарды көтермелеу туралы шешім қабылданады.
Ұйымдастыру қызметінжүзеге асыруда қазіргі заманғы бағдарламалық-педагогикалық құралдарды әзірлеу арқылы білімалушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіру маңызды рөл атқарады, олар: автоматтандырылған бақылау-оқыту бағдарламалары, Автоматтандырылған өзін-өзі бақылау модульдері, білімді автоматты бақылауға арналған құрал-саймандар, тестілерді әзірлеуге және тапсырмалардың сапасын тексеруге арналған статистикалық пакеттер және т. б.