Міне, сондықтан мектептер мен жоғары оқу орындарында бағалаудың әр түрлі формалары енгізілді. Оппоненттер емтихан сессиясы кезінде студенттердің жүйке, психикалық жүйесіне қысым түсетіндігін, эмоциялық күйзелістерін, оқу еңбегінің, демалудың, ұйқының қалыпты тәртібінің бұзылуын, денсаулықтың нашарлауын көрсетті. Әлбетте, бұл қиындықтар бір жыл бойы нашар оқыған білімалушыларда кездеседі. Себебі олар кезінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға тырысады. Дегенмен, емтихандарды және бағалаудың басқа формаларын жою басқа түрдегі жағымсыз салдарға - оқытудың әлсіз уәждемесіне және білімнің төмен деңгейіне әкеп соқты.