Ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруда қазіргі заманғы бағдарламалық-педагогикалық құралдарды әзірлеу арқылы білімалушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіру маңызды рөл атқарады, олар: автоматтандырылған бақылау-оқыту бағдарламалары, Автоматтандырылған өзін-өзі бақылау модульдері, білімді автоматты бақылауға арналған құрал-саймандар, тестілерді әзірлеуге және тапсырмалардың сапасын тексеруге арналған статистикалық пакеттер және т. б.
Оқу үдерісін ұйымдастыруды педагогикалық өлшемдер арқылы жандандыру және жетілдіру идеясыбұрыннан пайда болды; оның тек жақтастар ғана емес, сонымен қатар көптеген қарсыластары да болды. Уақыт өте келе, біздің күнімізге дейін оқытуды бағасыз да, емтихансыз да, сынақсыз да жүргізу ұсынылды.