ЖАРАҚАТТЫҚ ШОК - Жарақаттық шок - қан жүйесінің оттегіні тасымалдау қызметінің жеткіліксіздігі. Жарақат ауруының жедел кезеңі жедел қан кету, интоксикациямен сипатталады.
- Ағымында 2 фазаны ажыратамыз:
- 1. Эректильді (қозу) фазасы – жарақаттан кейін бірден дамиды және қозғалыстық, дыбыстық (сөйлеу) мазасыздықпен, қорқыныш сезімімен көрінеді. Бұл кезең ағзаның жарақатқа компенсаторлық реакциясын көрсетеді. Науқастың санасы сақталған, тері қабаты бозарған, тынысы жиілеген, айқын тахикардия, АҚ қалыпты немесе шамалы жоғарылаған. Бұл кезең қаншалықты қысқа болса, науқастың жағдайы соншалықты ауыр болады.
- 2. Торпидті (тежелу) фазасы – ЖҚЖ өршігенде дамиды, санасы бұзылған, сұрақтарға жауап беруі қиын, тынысы беткей, жиі, пульсі әлсіз, АҚ төмендеген.
Достарыңызбен бөлісу: |