Құқық негіздері пәнінен олимпиада сұрақтары. Тест жұмысы І кезең



Дата24.11.2022
өлшемі19,66 Kb.
#52339

Құқық негіздері пәнінен олимпиада сұрақтары .Тест жұмысы


І кезең
1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі неше жыл? а)5жыл ә)3жыл б)6жыл в)2жыл
2. “Атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар”деген тұжырымды кім айтқан?
а)Г.Селье ә)Джон фон Нейман б)З.Фрейд  в)Ф.Шеллинг
3. Бөтен адамның мүлкін ашық ұрлау қалай аталады?
а)ұрлық ә)тонау б)алаяқтық в)қарақшылық
4. Азаматтың әкімшілік әрекет ету қабілеті толық көлемінде неше жастан басталады?
а)14 ә)16 б)18 в)20
5. Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайларға қайсысы жатпайды?
а)қылмыстың әлдекімнің мәжбүрлеуінен жасалуы
ә)кінәлінің істеген қылмыстың зардабын өзі жоюы
б)қылмыстың қажетті қорғаныс кезінде жасалуы
в)қылмысты адамның ішімдікті қолданған күйінде жасауы
6. Жоғарғы кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қашан қабылданды? а)1990ж. қазан ә)1990ж. сәуір б)1991ж. желтоқсан  в)1993ж. қаңтар
7. Жасөспірім жасаған қылмысы үшін неше жастан бастап жауапқа тартылады?
а)16жастан ә)14жастан б)18жастан в)15жастан
8. “Адамды білім сақтайды” деп айтқан кім?
а)Қ.Сәтпаев ә)Ш.Уәлиханов б)А.Иүгінеки в)А.Байтұрсынов
9. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы … тұрады?
а)4бөлім,131баптан ә)9бөлім,98баптан б)4бөлім,98баптан  в)9бөлім,96баптан
10. Бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекетті басқарудың формасы ?
а)президенттік ә)парламенттік б)монархиялық в)диктаторлық
11. Қоғам өмірінің саяси аясына қайсысы жатады?
а)билік,саяси құрылым
ә)адам мен қоғам
б)өндірістік қатынастар, адам еңбегі
в)ғылым, білім, өнер
12. Қарым-қатынастың коммуникативті жағын табыңыз
а)адамдардың танымдық әрекетінің жүзеге асу формасы
ә)тұлғааралық қатынастардың пайда болуы
б)адамның әлеуметтік объектілерді қабылдау,түсінуі және бағалауы
в)топтағы ахуалға баға беру
13. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында не туралы айтылған?
а)демалу құқығы ә)тегін орта білім алу б)медициналық тегін көмек алу
в)жеке бас бостандығы құқығы
14. Атқарушы билікті жүзеге асыратын қандай орган?
а)Парламент ә)Сот б)Конституциялық Кеңес  в)Үкімет
15. Конституциялық Кеңестің Төрағасын кім тағайындайды?
а)Премьер-министр ә)Сенат Төрағасы  б)Президент в)Мәжіліс Төрағасы
16. Төмендегілердің қайсысы саяси құқықтар мен бостандықтарға жатпайды?
а)бейбіт жиналыс,шеру өткізу құқығы ә)мемлекеттік қызметке тең құқылық
б)қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы в)еңбек ету құқығы
17. Тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық үшін жауап беру қабілеті қалай аталады?
а)деликтқабілеттілік ә)әрекет қабілеттілік б)құқық қабілеттілік в)құқық субъектілік
18. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын кім тоқтатады?
а)Премьер-министр ә)Сенат Төрағасы б)Мәжіліс Төрағасы в)Президент
19. Парламенттік республикалық басқаруға қайсылары жатады?
а)Ұлыбритания, Жапония ә)Италия, Германия б)Америка Құрама Штаттары в)дұрыс жауабы жоқ
20. Мәжіліс қанша депутаттан тұрады? а)98 ә)9 б)107 в)15
Дұрыс жауап;1б, 2а, 3ә, 4 б, 5в, 6ә, 7а, 8б, 9ә, 10в, 11а, 12а, 13ә, 14в, 15б, 16в, 17а, 18в, 19ә, 20 б
1І кезең

  1. кл Жазбаша

1.Қазіргі заманғы өркениеттегі адамның жағдайы, «адам капиталы» туралы түсінік беру


2.Философ деген кім, алғашқы философтар жəне олардың ілімі ?

10 кл
І кезең


1.Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы
2.Адам құқығы ,оның қорғалуы

ІІ кезең


Құқық негіздері пәнінен олимпиада сұрақтары.Жазбаша жұмыс 20 балл 


1.ҚР-ның конституциялық құрылымы қандай?



2.Адам құқығы ,оның қорғалуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет