3.2. Күндізгі жəне қашықтықтан оқыту форматы бойынша оқу кезеңінде осы Шарт бойынша
орындаушы көрсететін қызметтердің толык құны, сондай-ак оларға ақы төлеу тəртібі осы
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшада көрсетілген.
3.3. Егер төлем күні жұмыс күніне сəйкес келмесе, онда міндеттемені орындау мерзімі төлем
күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.
3.4. Осы Шартта белгіленген төлемдер мерзімін жəне осы Шартқа қосымшаларды немесе
белгіленген сомадан ішінара (толық емес) төлеуді кешіктірген жағдайда Тапсырыс беруші
Орындаушыға міндеттеменің орындалмаған бөлік сомасының 0,1% мөлшерінде, мерзімі өткен
əрбір күнтізбелік күн үшін, бірақ берілетін жалпы сомасының мөлшерінен аспайтын мөлшерде
өсімпұл төлейді.
3.5. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша № 1 қосымшаға сəйкес Қызметтерді қосу алдында
алдын ала төлемнің 100 % (жүз пайыз) тəртібімен жүргізеді.
3.6. Тапсырыс берушінің кінəсінен 20 (жиырма) күннен астам артық мерзімде оқуды өз бетінше
тоқтатқан жағдайда, Орындаушы осы Шарттың 2.2-тармағында көзделген қызметтер үшін ақшалай
қаражаттың төлемін өз қалауы бойынша қайтармауға құқылы.
3.7. Төлем ақшалай қаражатты Орындаушының банктік шотына аудару арқылы, сондай-ақ Kaspi
бөліп төлеу арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізіледі
3.8. Тараптар келісімге келді, егер Kaspi бөліп төлеу мерзімі оқу мерзімінен асып кетсе, тапсырыс
беруші/білім алушы Kaspi бөліп төлеуді толық өтелгенге дейін төлейді.
3.9. Шартты бұзған немесе бас тартқан жағдайда бірінші сабақ өткізілген сəттен бастап 2 (екі) апта
ішінде төлем Орындаушының барлық шығыстары шегеріле отырып қайтарылуға тиіс.
3.10. Егер бірінші сабақ өткізілген күннен бастап 2 (екі) аптадан астам уақыт өтсе, төлем
қайтарылмайды.
3.11. Тапсырыс беруші/білім алушы оқудан өткен жағдайда 5.1-тармақта көрсетілгеннен қысқа
мерзімде төлем қайтарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: