Копия Договор об оказании возм услуг sabaq online docx


 ШАРТТЫ БҰЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТƏРТІБІ



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата17.10.2023
өлшемі135,73 Kb.
#117598
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dogovor-kz

7. ШАРТТЫ БҰЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТƏРТІБІ
7.1. Осы Шартқа қол қойылған сəттен бастап жасалды жəне тараптар міндеттемелерді толық
орындағанға дейін қолданылады.
7.2. Шарт тараптардың келісімі бойынша не Тараптардың бірінің талабы бойынша ҚР
заңнамасында көзделген тəртіппен жəне негіздер бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
7.4. Шартты бұзу ниетімен Орындаушы Тапсырыс берушіге болжамды бұзу күніне дейін кемінде 1
(бір) апта бұрын хабарлауға міндетті.
79.5. Шартты бұзу ниеті болған кезде Тапсырыс беруші Орындаушыны тоқтатудың болжамды
күніне дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын хабардар етуге міндетті.
8.ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТƏРТІБІ
8.1. Дауды сотқа дейінгі реттеу келіссөздер жəне талап қою арқылы жүзеге асыру міндетті болып
табылады.
8.2. Тараптар дауды сотқа дейінгі реттеудің мынадай міндетті тəртібін айқындайды:
8.3. Шағым жазбаша нысанда ұсынылады жəне оған тиісті түрде уəкілетті тұлға қол қояды. 
8.4. Шағымда: талаптар, шағым сомасы жəне оның негізделген есебі (егер талап ақшалай бағалауға
жататын болса); талаптар негізделетін мəн-жайлар жəне оларды растайтын дəлелдемелер; шағымға
қоса берілетін құжаттар мен өзге де дəлелдемелердің тізбесі; дауды реттеу үшін қажетті өзге де
мəліметтер көрсетіледі. 
8.5. Шағым алынған күннен бастап 10 (он) күн ішінде қаралады жəне шағымды жіберген Тарап
қарау нəтижелері туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі. Шағымға жауап ретінде шағымды
алған тарап міндетті түрде шешім қабылдау себептерін жəне дауды реттеу тəртібі туралы
ұсынысты көрсетеді.
8.6. Егер шағымға қажетті құжаттар қоса берілмесе, олар шағымды жіберген тараптан ұсыну
мерзімін көрсете отырып, шағымды алған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде сұралады. Талап


етілген құжаттарды көрсетілген мерзімде алмаған кезде шағым қолда бар құжаттар негізінде
қаралады.
8.7. Егер 8.3-тармақтың əрекеттері дауды шешуге əкеп соқпаса, онда Тараптар дауларды
медиативтік реттеуде (Медиация) (Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 305-бабы)
шешуге, сондай-ақ партисипативтік рəсімді (Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің
306-бабы) пайдалануға құқылы.
8.8. Келіссөздер процесінде келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда даулар Астана қаласы, Тұран
даңғылы, №7 үй мекенжайындағы Астана қаласының "Астана төрелігі" төрелік сотында шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет