Пәннің саясаты мен рәсімдері
Студент пәнді оқыту үдерісі кезінде келесідей әкімшілік талаптарын орындауға міндетті: Студент сабақтан кешікпеуге, сабақ жібермеуге, аудиторияда өзін дұрыс ұстай білуі, сабақта белсенділік танытуы, тапсырылған жұмыстарды уақытында орындауы, емтиханға қатысуы міндетті.
Білім жетістіктерін бағалауда бірнеше тапсырмалар беріледі:
1.аудиториядағы белсендіжұмыстар, ойындар, кейс-стади, мини-тестер
2. жазба жұмыстары
3.топпен жұмыс
4.қорытынды бағалау.
Практикалық сабақтар дискуссиялық негізде болады: әр тақырып бойынша әр түрлі балама көзқарастар айтылады, қосымша мағлұматтар ұсынылады. Осылай студенттер арасында шығармашылық орта құрылады.
Курсқа қойылатын талаптар:
Студент пәннің негізгі түсініктерін игеруі керек;
Студенттерге жүйелі де, тиянақты білім беру;
Сабақты оқытудың әртүрлі әдістері мен түрлерін үйлесімді пайдалану;
Практикалық сабақтарды әртүрлі ақпарат түріндегі техникалық құралдар көмегімен өткізу;
Әрбір студенттің берілген тақырыпты игеруін қадағалау;
Смарт мақсаттардың мазмұнын ашу;
Бақылау сұрақтары студенттің білімін тексеруге және дайындығын бағалауға беріледі. Бұл сұрақтар жаттығулар, қорытынды бақылау формаларында болады.
Студентке қойылатын талаптар:
Студент берілген тақырыптарды толық меңгеруі керек;
Студент берілген тақырыптарды уақытында орындап тапсыруы керек;
Қосымша материалдарды ұтымды пайдалана білу;
Оқылған материалдар бойынша өз ойының болуы , сабақтарға
толық қатысы;
Студент дәлелсіз сабаққа қатыспаса өткен тақырып бойынша қосымша жауап беріп, сабаққа қатыспаған күндерін өтеу;
Өткен материалды түсіну деңгейін анықтау үшін екі семестр аралық бақылау өткізіледі. Практикалық сабақтарда кейстік тапсырмаларды орындау және белсенді талқылау студенттердің тиімді білім алуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |