Көптілді білім беру факультеті Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы



бет2/35
Дата04.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#27051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
umk shetel tili mezhfak 2020

Кафедра меңгерушісі ___________ Э.Д.Абдол

Көптілділік білім беру факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып

№ хаттама _____ «____» ___________ 20____ ж.
Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ___________ Султангубиева А.А.

Типтік оқу бағдарламасы
Бұл оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандарттарының құрамдас бөлігі ретінде бағалық негігі шетел тілінің барлық бағыттары мен мамандықтар бойынша дипломды мамандар даярлауды қамтамасыз етуге арналған.

Бағдарламада шетел тілінде білім алудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Бағдарлама екі жылдық оқу мерзіміне арналған(шетел тілдерін аранйы оқытатын жоғары оқу орындарының 1, 2 оқу жылдарында).

Дүние жүзіндегі интеграциялық процестердің үлкеюі білім берудің ортақ, жалпы д.ниежүзілік парадигмаларына көшу қажеттігіне, оның мазмұнының универсалдығына себепші болды.

Шетел тілінде білім алуды дүние жүзілік стандарттық үлгіге жақындастыру мақсатымен бұл бағдарлама болашақ шетел тілі маманын даярлаудың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Бағдарлама көрсетіп отырған бұл мақсаттар мен міндеттер ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін және Еуропалық одақ елдерінде қабылданған шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық компетенцияларын ескерген.

Шетел тілінде оқытудың мақсаты­ студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты­лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.

Лингвистикалық компоненттің мазмұнын төмендегілер құрайды:

­оқып үйренетін тілдің лексикалық, грамматикалық құбылыстары және сол тілдің заңдылықтарын студенттер кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білу.

Дискурсивтік компоненттің мазмұны:

­нақтылы мәдени­әлеуметтік контексте тауып айтылған тілдік және тілдік емес құралдармен берілген нақтылы серіктесі, өзге мәдениет өкілі мен коммуникативтік ниетті іске асыра білудің іскерлігін болжайды.

Мәдени­әлеуметтік компоненттің мазмұнына:

­оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін, тарихын, мәдениетін, заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінез­құлық ережесін білу кіреді. Оларды коммуникативтік және кәсіби әрекетінде іске асыра білу керек.

Стратегиялық компонент әртүрлі коммуникативтік мақсаттарды нақтылы қарым­қатынас жасау жағдаятында ең нәтижелі стратегияларды таңдау және оларды қолдану іскерліктерін енгізеді. Стратегиялық компонент компенситорлық іскерліктерді яғни, тіл құралдарының тапшылық кезінде перифраза, синонимдер, дене қимылы мен мимикасын пайдалану есебінен қиыншылықтан шығу іскерлігін енгізді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет