Қазіргі заман талабына сай әр адам бірнеше тілді білу қажет деп ойлаймын. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазіргі мемлекеттік тіл-қазақ тілі және барлық құжат осы қазақ тілі арқылы толтырылады және тілдік қатынас құралы болып саналады. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл деп жаңа айтып өттім, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттілігін жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі жастар бірнеше тілді біледі және сол арқылы ғаламторға да еркін байланыс жасап жүр. Мұның барлығы қуантарлық іс деп білемін. Сонымен қатар қазақ елінің қарқынды дамып және ел болашағын ойлар жастардың терең білім алуларына айқара жол ашық деген сөз. Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында үш тілді үйрену меніңше қиындық тудырмайды.Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртіп қарасақ,әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек, тарихта аты аталған әрі батыр, әрі дауылпаз ақын болған Махамбет Өтемісұлы мен қазақтың бір туар ұлы өзінің аз өмірінде бірнеше тілде оқып, үйреніп білді емес пе? Қазақтың ақыны Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін де меңгерді. Сол себепті көп тілді білу-заман талабы.Осыған орай қазіргі заман мектебі түбегейлі өзгерістерді заман ағымына сай талап етіп отыр.Сол себептен де қазіргі заман оқушысы өзін жан-жақты дамыған, шығарамшылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс.Қазіргі таңда тілді үйретудің басты мақсаты оқушының өз бетінше іштей талпынысына байланысты.Сондықтан да әр қазақ баласы әуелі өз отбасынан Қазақы рухпен демалып, анасынан үйренген ана тілін біліп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өссе,ата-баба рухымен тірбиеленсе, қай ортада жүріп қанша тіл оқыса да, өз тілін, ұлттық болмысы қасиетін сақтап қалары ақиқат.
Сондай-ақ АКТ-да, электрондық оқулықтар да оқушы қызығушылығын арттырумен бірге уақытты тиімді үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді пайдалануға негіз бола алады.Бұл жерде айта кететін жайт бұл әдіс оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына баса назар аударуында болып отыр. Міне осындай қарқындық әлемде болып жатқан өзгерістермен мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде әр оқушы еркін,өзіндік дәлелдері мен уәждерін толық сеніммен жеткізе алатын ынталы, сыни пікірі қалыптасқан ,сандық технологияны дұрыс меңгеріп, құзырлық таныта алатын оқушы дайындау болып табылады.Бұл әрине оқушыларды белсенділік танытуға, тілдік қарым қатынаспен ортаны жетілдіруге үйрету мұғалімдер қауымының тынымсыз, үздіксіз еңбегі мен ізденісі деп білемін. «Ұстаздың қаруы-сабағы» дегендей өзімнің көп жылғы тәжірибемнен ойға түйгенім көп тілді үйрену артық емес дегенді баса айтқым келеді.Қазіргі кезде білім алушыларға ағылшын тілін оқытудың əр түрлі деңгейлеріне сəйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық жəне компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал- жабдықтар, аудио-видеокешені оқушылардың ауызша жəне жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Міне сондықтан өз басым көптілділік деген ұғымды қолдап ғана қоймаймын, қолымнан келгенше сол мақсатта жұмыс жасаймын. Өзім ұстаз болғандықтан сабақ кезінде осы көптілділікке көп мән беремін және сол тұрғыдан тапсырмаларды орындатуға тырысамын.
Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар білім алушылардың жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: «Тілдердің үштұғырлығы мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», — деген үндеуінен бастау алған болатын. Бұл деген елдің ертеңгі болашағы-жастардың ел тізгінін ұстар,білімді, сауатты болсын деген ойдан туған мақсат. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп айтылғандай, өз тіліміздің де тамырына балта шабылмауын ойлауымыз да керек. Қай ақын-жазушыларымызды алсақ та тіл мәртебесіне өте зор мән берген. Қазақтың бас ақыны Абай атамыздың өзі де көптілділікке қарсы болмағанын шығармаларынан аңғаруға болады. Орыстың ғұламаларымен де достасып, шығармаларына аударма жасағанынан-ақ көзіміз осыған анық жетеді.
Қазіргі жаһандану заманында бұл көптілділдік маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Осыған сіз бен біз болып өз үлесімізді қоссақ деген ойдамын. «Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету әр жанның парызы болмақ. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу — басты міндетіміз және оны орындату мақсатымыз деп білемін.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндей» келіп, «Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды.»-деп А.Б.Августиннің сөзімен аяқтағым келеді.