Коричневый и Кремовый Деликатный Органический Копирайтер Фрилансер Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата05.06.2023
өлшемі294,52 Kb.
#98666
1   2   3   4
С.Торайғыров поэзиясындағы
жүрек концептісі


Махаббат концептісі мынадай
ассоциациялық өрісте танылған:
Махаббат жалпыадамзаттық танымда-
ұнату, сүю, жақсы көру, сағыну, қызғану,
ғашық болу, күйіп-жану, аңсау, іздеу,
көңілі кету, мейірімділік, қайырымды
болу,құштарлық,жан жылуы
Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы
махаббат концептісі


Сенің от құшағыңда
Дүниені ұмытып талықсыдым.
Жүрегімді өртеді жан ыстығың.
Мынау байтақ әлемде тек екеуміз
Жүргендейміз айналып ғарышты мың.
Сен аймалап алқындың,
Одан сайын есімді шығардың да,
Жақсы сөздің барлығын саған айттым,
Ішімнен бе, әлде үн шығардым ба..
Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы
махаббат концептісі


Өмір таным мен ақпарат көзі ретінде де көрінеді (өмір бойы іздену, бар
өмірін ғылым-білімге арнау т.б.). Алайда қазақ ұғымында бұған керісінше
түсінік те бар: көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра. 
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле!
Өмір туралы ақпарат мынадай формаларда беріледі: жүре берсең, көре
бересің, көре берсең, көне бересің; өмірдің өзі – сабақ; пешенеңдегіні түгел
көрмей, өлмейсің; қырық жыл қырғын болса да, ажалды (ғана) өледі; жазым
болса – быламыққа тіс сынады. 
Ұлттық санамызда адам өмірінің мерзімі түрліше өлшенетін болған. Оны
ұзындық//қысқалықпен (қамшының сабындай қысқа ғұмыр); уақыт
көрсеткіштері арқылы (бес күндік жалған, қас-қағым сәт); Құдайдың жазғаны,
басқа салғаны (маңдайындағыны // пешенесіндегіні көрді); бар//жоқ (дәм-
тұзы таусылу) ұғымдары арқылы таңбалау кездеседі.
Өмір мен өлім концептісі


«Өлім» концептісінің шеткері аймағынан орын алатын «қайғыру»,
«жоқтау», «жылау», «аза тұту», «құса болу» ұғымдарына мынадай
мысалдар келтіруге болады: Шыңғыс хан Жошының өлгенін
естіген соң, қатты қайғырып, аза тұтты. Дәл сол кезде Шыңғыс хан
ордасынан «Шыңғыс хан өлді» деген хабармен шапқыншы келді
.Бүкіл халық аза тұтып жыласты. Азадан, қайғыдан кейін Бату
мемлекетін кіші інісі Тоқай Темірге тапсырып, бес інісімен
қосылып, Өтшікен бәрі Шыңғыс ханның тағы орналасқан
Қарақорым тарапына аттанды, келіп Қарақорымда барша әмірлер
мен ханзадаларға қосылып үлкен аза тұтты.Меңку Темір хан құса
болып өлді.


Түркі тілдеріндегі «бай», «кедей» концептісіне «байлық», «кедейлік», «бай»,
«кедей» сөздерінің тарихын 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бұл
сөздердің ең алғашқы даму кезеңін түркі тілдеріндегі «бар»,«жоқ»
сөздерімен байланыстырады. «Бар», «жоқ» сөздерінің көптеген түркі
тілдеріндегі айтылуын, фонетикалық нұсқаларын келтіріп (бар, вар, пор, йоқ,
жоқ, оқ, суоқ т.б) түркі тілдеріндегі мағыналарын анықтайды. «Бар», «жоқ»
сөздерін әрі зат есім, әрі сын есім деп танып, түркі тілдерінде мынадай
мағынада қолданылатынын көрсетеді.
Бірақ автор «бар» сөзінің бұл мағыналары түркі тіліндегі бәрінде бірдей
кездеспейтінін ескертеді. «Бар» сөзінің «бай», «байлық» ұғымдарын
білдіретін екі мағынасы қазақ тілінде бар дейді. Бар барын айтады, бақа
бұтын тарбайтады деген қазақ мақалын келтіреді.


 Біздің ойымызша, «бар» сөзінің «дәулетті», «бай» мағынасында феодалдық
дәуірде қолданылуы одан бұрынғы таптық емес дәуірдің қалдығы болып
табылады, оны негізінен қарапайым еңбекші халық қолданған, үстем тап тілінде
орын теппеген. Яғни «бар» сөзінің тарихи жазба ескерткіштерден VІІІ ғ. Орхон
жазуында «дәулетті», «бай» мағынасында кездесетініне мысал ретінде bay-bar
artim «бай, дәулетті болдым» тіркесін кездеседі. «Бар» сөзі «бай», «дәулетті»
мағынасында осы күнгі түркі тілдерінде орхаизм түрінде негізінен ауыз әдебиетте
сақталған.
Ал жоқ сөзінің түркі тілдерінде бес мағынада қолданылатынын талдаған, оның
үшеуі зат есімді мағыналар; 1)жоқ болу, жоқтық (отсутствие), 2)өтіп қаза, (смерьт),
3)бақытсыздық, жоқшылық (несчастье, недастаток, бедность); екеуі сан есімдік
мағыналар: 1)жоқ (от) болмайтын (несуществующий), 2)жарлы (неумущий), кедей
(бедный).


Мысалы: азу тісін басты (батырды); екі аяғын бір етікке
тықты; жалғыз тарының қауызына сыйғызды; жанын
көзіне көрсетті; жуандық көрсетті; кеуде көрсетті;
кеудеге салды; қара күшке салды; малына құрық,
басына сырық ойнатты; табанын тіліп, тұз құйды;
төбесіне әңгіртаяқ ойнатты, тулақтай сүйретті, ішкенін
ірің, жегенін желім етті; жүнін сыртына түкситті т.б.
Айдарынан (айдарымен) жел есті – «асқақтап дәурен сүрді, уайым-қайғысыз шалқып
өмір сүрді» мағынасында дегені болып тұрған аса дәулетті адамдар туралы айтылатын
стильдік-экспрессивтік мәні күшті фразеологизм. Ерлігің болса мақтанған, Жауын қуып
қашырған, Айдарымен жел есіп, Алатаудан асырған (Жамбыл).Желпілдеп жел естіріп
айдарымнан, міне, мен жеттім, заман айғағындай (С.Бегалин). «Қазақ әдеби тілінің
сөздігінде» айдар сөзіне берілген анықтамалардан «атақ, дәреже, абырой, даңқ» деген
ауыс мағынадағы анықтама фразеологизмдер құрамындағы «айдарынан» сөзіне
жақындайтын сияқты [4, 1 т., 144-б.]. Ал жел есу тіркесі нақты мағынасында емес,
метонимиялық жолмен туған ауыс «еркінсу, жетісу, болып-толу» мағынасында
қолданылып тұр [5. т. 3, 427-б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет