Презентация: Абайдың шығармашылық жолына шолу
Арина 6 В:
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Шыңғыстау етегінде
дүниеге келген.
Абай 12 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Медреседе оқып жүріп араб, түрік, парсы тілдерін үйренеді.
Абайдың әжесі - Зере Абайды білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
Абай әжесін қатты жақсы көреді.
Негізгі есімі Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті.
Абайдың әкесі - Құнанбай.
Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған.
Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
45 қара сөздері, 3 атақты поэмасы, 170 өлеңі, 56 аудармасы бар
Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
Абай – Ұлы ақын, композитор, күйші, көркем әдебиеттің қазығы, көркем сөз шебері, философ, ғалым, аудармашы
Руслан 6 Б:
Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі оқу-білім, ғылым тақырыбына алтын арқау болып өрілген. Абай көзқарасы бойынша, өмірде мақсатқа жеткізетін нәрсе - оқу-білім мен үнемі ізденіс , осы бағытта өлеңдері де аз емес:
************
Даяна 6 Б
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |