6-20 мин
Ортасы
21-30 мин
30-40 мин
|
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады.
Оқушылардан бөлім бойынша қандай тақырыптар өтіп, қандай сәндік бұйымдарын жасағандары ауызша сұралады.
Еске түсіру және бөлімді қорыту аяқталған соң оқушыларға көрме ұйымдастыру тапсырылады.
Көрмеге қойылатын бағалау критерийі:
Бұйымдарды дұрыс орналастыру;
Әр бұйымда бирканың болуы;
Халықтың назарын аударта алуы.
Оқушылар осы бағалау критерийіне сәйкес жұмыстарды дайындайды және көрмені ұйымдастырады.
Оқушылар бір-бірлерінің шығармашылық жұмыстарын бағалау үшін аукцион ұйымдастырылады.
Бір оқушы аукцион жүргізуші болып белгіленеді. Қалған оқушыларға жарамсыз, жалған ақша таратылады. Аукцион жүргізуші оқушы бұйымға талдау жасай отырып бастапқы бағаны айтады, содан соң алатын адам болса одан әрі тағы да бағаны көтереді. Солай соңғы адамға жұмыс сатылады.
Мұнда оқушылардың бойында академиялық шындық құндылықтары арта түседі.
Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынады. Ол үшіноқушыларға «Аяқталмаған сөйлем» атты кері байланыс парағы беріледі. Оқушылар парақшадағы сөйлемдерді аяқтап толықтырады.
Сабақты қорыта келе бүгінгі көрменің қандай деңгейде ұйымдастырылып, өткізгендігі және бұйымдардың барлығы сатылғандығы немесе сатылмай қалғандығы айтылады.
Оқушыларға келесі бөлімде өтетін тақырыпты ескертіп, қажетті материалдарды жинақтау тапсырылады.
|
Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.
Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.
|
Дискриптор
бұйымның эстетикалық көрінісі, көрмеге қоюға лайықтылығы;
көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыру, халық назарын аударта білу;
өз бұйымдарына сатылым бағасын белгілей алу.
|
|